2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін3
Кеше46
Апта80
Ай686
Барлық күндері107733

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Балалардың көркемөнер шығармашылығының аудандық «Бүлдіршін» фестивалі туралы

   

   2017 жылдың 28 сәуірінде «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында балалардың көркемөнер шығармашылығының аудандық «Бүлдіршін» фестивалі өткізілді. Ауданның 19 мектепке дейінгі мекемелеріннің балалары өз өнерлерін көрсетті.

   Кішкентай әртістер «Вокал», «Хореография», «Көркем сөз», «Балалар оркестрі» жанрлары бойынша өнерлерін ортаға салды.

   Ісшара «Вокал» жанрынан басталды және алғашқы вокалист ретінде Ольгин ЖОББМ жанындағы "Мөлдір бұлақ" шағын орталығынан Жанғазинов Хасан «О Родине» патриоттық әнімен фестивальді ашты.

   Бұл номинация бойынша жас санаттағылар арасында (4-5 жас) жеңімпаздар: 1 орынды Қаратай ЖОББМ жанындағы «Құлыншақ» шағын орталығынан Лобода Аида «Ойыншықтар» әнімен, 2 орынды Ольгин ЖОББМ жанындағы "Мөлдір бұлақ" шағын орталығынан Жанғазинов Хасан - «О родине» әнімен, 3 орынды Қаратай ЖОББМ жанындағы «Құлыншақ» шағын орталығынан Жексен Аружан «Қарлығаш» әнін орындап жеңімпаз атанды.

   Екінші жастағылар (6–7 жас) арасындағы топтардан ерекше орындаушылар «Балапан» балабақшасынан Юсуп Әмір «Анашым» әнін орындап 1 орынды жеңіп алды. Конкурс қорытындылары бойынша екінші орынды Павлов ЖОББМ «Молдир Булак» шағын орталығының тәрбиеленушісі Төлеубаева Самира"Ладошки" әнімен жеңіп алса, 3 орынды №1 Успен ЖОББМ Шемченко Михаил «Мистер Жук» әнін құйқылжыта орындап көрермендердің және әділ қазылардың көңілінен шықты.

   Сондай-ақ әділқазылардың шешімі бойынша"Вокальдық топтар", номинация белгіленген болатын. Бұл номинация бойынша «Бал бөбек» шағын орталығының бөбектері "Фонарики" әнін орындап 1 орынды иеленді, 2 орынды Қаратай ЖОББМ "Біз бақытты балалар" әнімен және «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері Сайбель София және Алтаев Рустам «Настоящий друг» әнімен жеңіп алды.

   «Көркемсөз» номинациясы бойынша 4-5 жастағылар тобында бірінші орынды «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушісі Негриенко Александр «Волчишко» өлеңін мәнерлеп оқып жеңіп алса, 2 орынды Қаратай ЖОББМ «Қуыршақ» өлеңін мәнерлер оқып Сансызбай Әдия, 3 орынды Козыкеткен ЖОББМ тәрбиеленушісі "Анашым" өлеңімен Карелина Карина иеленді. Ересектер тобында балалар образды, эмоциыны, мәнерлер оқу өнерін көрсете білді, сондықтан әділқазылар алқасы №1 УЖОББМ тәрбиеленушілері "Федорин огород" номері және театрланған көрініс үшін 1 орынды иеленді. 2 орынды Ольгин мектебінен Кусман Мансур "Хотим под мирным небом жить" және 3 орынды "Я выросла" өлеңін мәнерлер оқығаны үшін Павленко Полина жеңіп алды.

   Қаратай шағын орталығының бишілері «Көңілді күн» би қойылымымен және Новопокров шағын орталығыың бишілері "Журавли" биін орындап көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. Әділқазылар алқасы олардың өнерлерін бағалап екінші және үшінші орынды берді. "Хореография" жанры номинациясы бойынша Константинов ЖОББМ тәрбиеленушілеріне "Маленькие звезды"номері үшін.

   Сондай-ақ №1 Успен ЖОББМ тәрбиеленушілері "Яблочко" матростар биі үшін Аксенов Кирилл екінші орынды иеленді. Алғаш рет "Балалар Детский оркестрі" номинациясы бойынша №2 Успен ЖОББМ ансамблі жеңіске жетті.

   Барлық қатысушылар грамоталармен және жүлделермен марапатталды. Конкурсқа қатысушылар біздің ауданымыздың атынан облыстық балалардың көркемөнер шығармашылығының аудандық «Бүлдіршін» фестиваліне қатысатын болады.  

1 1
1 1