Біздің спортшылардың жаңа жеңістері
Баянауылда 12-14 маусым аралығында оқушылардың облыстық жазғы 26 спартакиадасы аясында облыстық туристтік слёт өткізілді. Туристтік слёт бағдарламасына: туристтік әндер конкурсы, кросс-поход, далалық газет конкурсы, эстафеталар енгізілген. Барлық конкурстар өткізілгеннен кейін Успен ауданының командасы жалпы командалық есепте үшінші орынды жеңіп алды.
Команда құрамында №2 Успен ЖОББМ оқушылары: А. Гелевера, М. Чуприн, Ж. Жанұзаков, Д. Кулага, В.Тивоняк, С. Гречков, Г. Сандр, М. Берш, А. Стёпина, Р. Бондаренко, К. Ахимова, С. Зиньковская болды. Команданы жарысқа дайындаған №2 ЖОББМ спорт жөніндегі инструкторы Д.И. Лозовик, №2 УЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі А.Г. Козий болатын.