Киіз үйлі лагерьдің ашылуы
Шілде айында Успен ауданында №2, 3 мектептерінің базасында аудандық киіз үйлі «Ата мұра» лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Киіз үйлі лагердің ашылуы – мәдени құндылықтарды сақтау, ұлттық дәстүрлеріміз бен қазақ халқының салттарын сақтау, толеранттылыққа тәрбиелеу, қазақстандық патриотизм қалыптастыру болып табылады.
Лагердің бағдарламасы Қазақстан өмірінің маңызды екі оқиғасына - халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмесі және жақында өтететін Астана күні құрметіне арналған.
Лагердің жұмысы барысында балалар қазақ халқының мәдениетімен, тұрмыс –тіршілігімен, салттармыз және дәстүрлерімізбен, ұлттық асханамен, халық қолөнері: киіз жасау, жүн өндеу, теріден қамшы өру, ағашты ою қолөнер жұмыстарымен танысатын болады.
Лагердің ашылуы күні балалар киіз үйлерді тігуге, ұлттық тағам ет асу және бауырсақ пісіруге , сондай-ақ Астана күнінің құрметіне арналған құттықтау ашықхаттарының конкурсына қатысты.