2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше44
Апта9
Ай1651
Барлық күндері106932

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

А«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақыбындағы тамыз кеңесі

  28 тамыз күні Мәдениет үйінде Успен ауданында педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Іс-шара білім беру бөлімінің ұйымдастырылуымен өткізілді.

   Тамыз кеңесіне 380 педагог жалпы білім беретін мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан, мектептен тыс мекемелерден, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

   Білім беру саласының дамуына арналған пікір алмасу ашық алаң түрінде өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы педагогикалық тамыз кеңесінде білім беру жүйесінің өзекті сұрақтарын талқылау, олардың шешу жолдарын табу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі - С.И. Саламацкий, білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы - А.Б. Жұмабеков, мәслихат хатшысы - Р.Қ.Бечелова, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

   Тамыз кеңесі барысында мектептер арасында номинация бойынша: «Үздік жаңа оқу жылына дайындық» - №3 Успен мектебі, «Үздік жазғы демалыс ұйымы» - Белоусов мектебі, «Үздік мектеп жанындағы үлескі» - Павлов мектебі марапатталды. Конференцияда үздік педгогтарды марапаттау рәсімі өтті.

   Конференция облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайынның жас әртістерінің мерекелік концертімен жалғасын тапты.

 

1