2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін22
Кеше74
Апта96
Ай1738
Барлық күндері107019

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Алфавит тізбесі

    «Латын әліпбиіне көшу» туралы ой-пікір айтылды, түйінделді. Енді нақты іс-шаралар басталды. Мақсат қойып, нәтижеге жету көзделді.

   Қараша айының алғашқы күні «Алфавит» тізбесі әдісін қолданып, қазақтың алтын бесігі - Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақ елінің ұлан ғайыр атырабының атауларын таңбалап қағаз бетіне түсіру жоспарланды. Оқушылар берілген тапсырма бойынша 14 облыстың атауын жазды, оларды алфавит ретімен орналастырды. Осы шараға №3 Успен, Павлов, Қаратай, Лозовой, Таволжан мектебінің оқушылары өте белсенді қатысты. Барлығы 98 оқушы қамтылды. Оқушылардың көзі әліпбиді қолдануға біршама үйреніп қалғандықтары байқалады. Балалардың алғашқы күні әліпбиемен жұмыс жасауы баяу болса, бүгін біршама жылдамырақ таңбаларды тауып, қажетті сөзді нақты әрі дұрыс жазды. Алға қойған мақсатқа барлығы жетті.

   Латын әліпбиіне көшу мәселесі тек қана қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерін толғандыратын мәселе емес, қоғам болып, қазақ елінің жаңа әліпбиеге көшу шеңберінде әрбір азамат өз үлесін қосуын бүгінгі шара айқындады. Себебі, оқушыларда бір жақты пікір қалыптаспасын деген ниетпен бұл шараны география, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері: Е. Асылов (№3 Успен мектебі), С. Жандрахимов (Қаратай мектебі), Р. Шакенов (Павлов), К. Мундуинова (Лозовой мектебі), М. Фарукшин (Таволжан мектебі) ұйымдастырды.

 

1 1