2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше72
Апта212
Ай1444
Барлық күндері106725

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жалпы ұлттық жоба аясында

   

   Күзгі демалыс кезінде аудан мектептерінің 17 кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерімен бірлесіп «Жүз танымал тұлға», «Бір ел, бір кітап», «Біздің Президент» тақырыптарында кітап көрмесі рәсімделді, көрмеге әр түрлі жастағы оқырмандар үшін ең үздік, экскюзивті кітаптар қойылды.

   Ковалев, Константинов, №1, №2 Успен ЖОББ мектептерінде 12 сәуір күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізі құрамдық бөлігі болып табылатын және жалпы ұлттық Патриотизмді кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

   Аталмыш бағдарлама аясында «Қазақ жазуының тарихы» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Мектеп кітапханшылары Г.И. Жұмабаева, С.А. Сосновская, В.Я. Керн 8-9 сынып балаларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеті қазақстандықтардың сана-сезімінің, ойлаудың жаңа моделін қалыптастыру туралы әңгімелеп берді.

   Қазақстан Президенті республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалалық бағдарламасын жариялаған болатын. Осы мақалада Елбасымыз: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп жазады елбасы.

   Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ¬жат¬тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни¬калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко¬мис¬сар¬лары Кеңесінің Президиумы латындан¬дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал¬фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданыды.

   1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын¬далып келді-деп атап өтті Елбасы.

   Ол 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл¬дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар-піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп¬биімен басып шығара бастауға тиіспіз.

   Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа¬жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі¬семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші¬ру¬дің нақты кестесін жасауы керек-деп жазды Елбасы «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған өз мақаласында. Елбасы «Латыншаға көшудің терең логикасы бар»- деп санайды. Оның пікірі бойынша «қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком-муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру процесінің ерекше¬лік¬теріне байланысты».

   Нұрсұлтан Назарбаев: «Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатқандықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды» деп нық сенімді. «2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс» деп жазды Президент. Сонымен қатар Назарбаев «жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел¬гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол¬даныла тұрады» деп те атап өтті.

   Қорыта келе кітапханшылар Қазақстан қоғамында латын тіліне көшу қызу талқыланып жатқанын, уақыт талабына сай қазақ жазуы жаңа деңгейге көшу тарихы туралы әңгімеледі.

   Іс-шараға қатысушылардың назарына қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі туралы видео көрсетіліп,аталған тақырып бойынша шағын кітап көрмесі ұсынылды.

   Лозов, Павлов, Вознесен ЖОББ мектептерінде «Алтын шашу» қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді, көрмеге қазақтарды қолданбалы өнері туралы кітаптар («Қазақтың қолдаңбалы өнері», «Сырмақ өнері», «Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері» және т.б.) қойылды, оқушылардың қолөнер бұйымдары жұрт назарына ұсынылып, көрменің ашылу салтанаты өтті. Кітапханада «Ұлттық киімнің әсемдігі», «Қазақтың ұлттық оюларының әсемдігі мен терең мағынасы» тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді.

 

1 1
1