2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін53
Кеше54
Апта107
Ай1339
Барлық күндері106620

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Мектептің 50-жылдық мерейтойын өткізілуі туралы

   

   18 қараша 2017 жылы –Қаратай жалпы орта білім беру мектебі өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.Осы жылдар аралығында талай түлектерді тәрбиелеп, еліміздің білім кеңістігінде білім беру ордасы ретінде ерекше орын алды десек артық айтпаған болар едік. Мерекелік кеште 230-дан астам қонақтар жиналды. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы 1967-2017 жылдар аралығында мыңдаған жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді. Салтанатты іс-шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Жумабеков Аманжол Буткенұлы сөз кезегінде жылы лебізін білдіріп мектеп басшылығы мен жиналған жұртшылықты осынау атаулы күнмен құттықтап, аудандық білім бөлімінің атынан сыйын тарту етті. Қаратай ауылының әкімі Ивашев Үкібай Шайхинұлы білім ордасынан түлеп ұшқан түлектерді, биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ардагер ұстаздарды 50 жылдық мерейлі мерейтоймен құттықтап, мектеп ұстаздарын құттықтады. Әр жылдың түлектердің атынан сөз сөйлеген түлектер өз кезегінде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын арнап жатты. Мектебіміз туралы өте құнды, деректі материалдар 50 жылдық мерейтойға әзірлік кезінде, сол кездегі ұстаздар мен оқушылардың көмегімен жинақталып сол кездегі мектепашылуынан сахналық көрініс көрсетті,Бір-бірімен ұзақ жылдар бойы қауышпаған жандардың бірі қуаныш жасын шығарса, енді бірі сыр шертетін фильмдерден оқушы кездеріндегі фотосуреттерін көріп, өткен жылдарды еске алып отырды. Мектептің жартығасырлық мерейтойы би кешімен аяқталды. Мереке тартымды,көтеріңкі көңіл күйде болып өтті. Ұйымдастырушылардың атынан мерекелік іс-шараның ұмытылмастай, әрі жоғары деңгейде өтуіне қаржылай көмек көрсеткен жергілікті «Шыңғысхан » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мусабеков Аманжол Сакенұлы , Смаилов Сытымбек Тұрдыбекұлы, ауыл әкімі Ивашев Үкібай Шайхинұлына ризашылығымызды білдірдік. Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің ардагер ұстаздарын, ұжымын, мектеп түлектері мен оқушыларын 50 жылдық мерейтойларымен құттықтап, саналы ғұмыр тілейміз!

1
1