5-6 сыныптар арасындағы облыстық кешенді олимиаданың қорытындысы
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 5-6 сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Аталған іс-шараға Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Олар: Павлов ЖОББМ - Қапсамат Елбек, Константинов ЖОББМ – Кошубара Ульяна, Қозыкеткен ЖОББМ – Кенжеахмет Ғали, №2 Успен ЖОББМ – Пудич Максим.
Олимпиада қатысушылары математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға Қозыкеткен ЖОББМ-ң 6 сынып оқушысы Кенжеахмет Ғали ІІІ орынға ие болды (мұғалімдері Д.У. Ахметова және Б.К. Ережепова).
Білім бөлімі осы іс-шараға қатысу қызығушылығын білдіріп, жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға және олардың дайындығын ұйымдастырған ұстаздарға алғыс білдіреді.
![1](http://kazpic.kz/images/2017/12/04/foto.jpg)