2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше57
Апта120
Ай1352
Барлық күндері106633

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Мәнерлеп оқу конкурсы

 

   Успен ауылы «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық «Тұңғыш Елбасы» конкурсы 5-11 сынып оқушылары арасында өтті. Конкурсқа 14 мектептен 52 оқушы қатысты. Конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылардың қазақ және орыс тілінде қатысуына мүмкіндік болды.

   Конкурс екі бағыт бойынша өтті:

   Бірінші бағыт – мәнерлеп оқу конкурсы (Тұңғыш Президент туралы өлеңдерді жатқа айту).

   Екінші бағыт – жас ақындар конкурсы (Тұңғыш Президентке арналған арнау, мадақ өлеңдер, шығармалар орындау). Конкурсқа қатысқан оқушылар Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевқа арналған мадақ өлеңдерін оқып, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Сондай-ақ, екінші бағыт бойынша жас ақыңдар Ұлт көшбасына арналған жүрек жарды өлеңдерін тарту етті.

   Конкурс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірінші бағыт бойынша 5-7 сынып оқушылары арасында І орынды: Балтыбаев Алинур – Лозовой орта мектебінің 7-сынып оқушысы және Фот Дарья – Вознесен негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы иеленді. Екінші бағыт бойынша І орынды: Марқабай Мейрамбек – Лозовой орта мектебінің 7-сынып оқушысы және Бакулина Ксения – Павлов орта мектебінің 8-сынып оқушысы иеленді.

   Барлық қатысушыларға ұйымдастырушы комитеті дипломдар мен сертификаттар табыстады.