2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін18
Кеше48
Апта337
Ай1176
Барлық күндері106457

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Успен ауданының қазақ күресінен «Бала барысы - 2018» атты ашық турнирі

 

   ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 8 желтоқсанда Успен БЖСМ базасында Успен ауданының қазақ күресінен «Бала барысы - 2018» атты ашық турнирі өтті.

   Іс-шараның мақсаты ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту, патриоттық сананы тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

   Бұл іс-шара Қазақ күресі федерациясы мен Успен ауданының прокуратурасының қолдауымен өтті .Турнирге Успен, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының командалары, жалпы саны 40 адам қатысты.

   Осы іс-шараның демеушілері ретінде: «БИК» ШҚ, «Алдияр» ШҚ, «Рысмағамбетов» ШҚ, «Егімбай» ШҚ, «Дархан» ШҚ және «Ажболат» ЖШС болды.

   2003-2005ж.т. жасөспірімдер арасындағы турнирдің қорытындысы бойынша 32 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Ибраев Бегзат , Гвоздь Данил, екінші орында НегмановКуаныш, бірінші орында Кенжеахметов Ғали барлығы Успен ауданынан, 46 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Бород Алексей (Павлодар ауданы), Тюлеков Карим, екінші орында Салықбаев Нұрлыхан (Тереңкөл ауданы), бірінші орында Қажымұқанов Ернар (Шарбақты ауданы), 50 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Мильниченко Станислав, Старкас Иван (Павлодар ауданы), екінші орында Базарбай Абдуллах, бірінші орында Өмірбек Ертолқын (Успен ауданы), 55 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Кошля Данил (Павлодар ауданы), Әмірбек Иманғали (Успен ауданы), екінші орында Рейм Кирилл (Павлодар ауданы), бірінші орында Қуандықов Асылхан (Тереңкөл ауданы), 66 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Кауашев Әділ (Шарбақты ауданы), Цигулев Владимир (Павлодар ауданы), екінші орында Жанакул Әлішер (Тереңкөл ауданы), бірінші орында Вульпе Никита ( Павлодар ауданы). 2006-2008 ж. т. жасөспірімдер арасында 32 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Азамат Гостищев (Шарбақты ауданы), Ержан Өмірбек (Успен ауданы), екінші орында Батырхан Қайыркеш, бірінші орында Руслан Сапаев (Тереңкөл ауданы), 35 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Аманжол Уызбаев пен Әділет Сабабаев, екінші орында Бегұлан Қаржаубаев (Успен ауданы), бірінші орында Олжас Галямов (Тереңкөл ауданы), 46 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Ерасыл Қабикен (Тереңкөл ауданы), Комал Селеханов (Шарбақты ауданы), екінші орында - Шәкір Алмат (Успен ауданы), Апушев Бахтияр (Шарбақты ауданы), +46 кг салмақ дәрежесінде үшінші орында Рамазанов Жастілек және Хачатрян Левон, екінші орында Голованов Виктор, бірінші орында Белоусов Владимир барлығы Успен ауданынан.

   Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.