2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше33
Апта223
Ай460
Барлық күндері107507

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы

   

   Білім бөлімі 2018 жылдың 2 ақпан күні аудан мектептері арасында №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасын өткізді. Ауданның 10 мектебінен 33 оқушы қатысты.

   Олимпиада 5 конкурсты қамтыды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту.

   Конкурстың барысында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен 50 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын оқушылар жақсы деңгейде шеше білді. Конкурс барысында көркем сөзді мәнерлеп оқуға оқушылар жақсы төселгендіктері байқалды. Ғылыми-жоба №3 Успен ЖОББМ-нің оқушысы Феримхан Арқралық қорғады. Оқушылардың дайындықтары былтырғы жылмен салыстырғанда біршама жақсы. Олимпиадаға қатысушылардың саны арта түсті.

   «Жарқын болашақ» олимпиадасының нәтижесі төмендегідей:

«Тілші-әдебиетшілер» конкурсында:

1 орын - №3 Успен ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Бахытбекқызы Фарида;

2 орын - Қаратай ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Нұрбаева Тұрғын;

2 орын - Қозыкеткен ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Баймулдинова Аружан.

«Сөз шеберлері» конкурсында:

1 орын Қаратай ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Даутова Камила;

2 орын Константинов ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Кежеев Бекарыс;

3 орын Лозовой ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Адал Сындар;

Өзге ұлт өкілдері аралсында:

1 орын Герлиц Мария Қозыкеткен ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы.

«Әнші-бұлбұлдар» конкурсында:

1 орын Қозыкеткен ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Жакупова Азалия;

2 орын №3 Успен ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Жұмадір Әмина;

Өзге ұлт өкілдері арасында:

1 орын №2 Успен ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Лисицина Елена;

2 орын №1 Успен ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы Сулейменова Даяна;

2 орын Павлов ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Бакулина Ксения

«Жазушылар» конкурсында:

1 орын №3 Успен ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Бахтыбекова Ұлжан;

Өзге ұлт өкілдері арасында:

3 орын №1 Успен ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Бузов Николай.

«Жас ғалымдар» конкурсында:

1 орын Қаратай ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Смаилова Алима;

2 орын №3 Успен ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Ибраев Алихан.

   Барлық қатысушылар білім бөлімінің мадақтамалары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

 

1 1