2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін7
Кеше33
Апта228
Ай465
Барлық күндері107512

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату

   

   2018 жылдың 14 ақпан күні Павлов орта мектебі базасында «Шағын жинақты ауыл мектептері жағдайында инновациялық процестерді ендіру» тақырыбында мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған дәстүрлі-тұрақты семинар жұмысын бастады.

   Семинар жұмысын білім бөлімі мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Лаура Амановна Дисюпова ашты. Семинардың негізгі тақырыбы – Павлов ЖОББМ ұжымының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің жұмысын жалпылау және тарату.

   Семинар қатысушылары мектеп педагогтары бастауыш сынып мұғалімі Ж.В. Донец, математика пәнінің мұғалімі Г.Б. Кумукова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж. Есенгельдинова, физика пәнінің мұғалімі В.Н. Королева және география пәнінің мұғалімі Р.Ш. Шакенов дайындаған сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар биология пәнінің мұғалімі Е.А. Гусарованың жетекшілігіндегі оқушылар ғылыми қоғамының жұмысымен танысып, республикалық «Жас білімпаз» конкурсының жеңімпазы Диана Гусарованың «Үй жағдайындағы тамызғыш сулау әдісінің картоп өсуі мен өнімділігіне берер әсері» тақырыбындағы ғылыми жобасын тыңдады. Мектеп психологі А.К. Аусагитова семинар қатысушыларына психологиялық тренинг өткізді. Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру мәселелері және Рухани жаңғыру бағдарламасының орындалуы сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті.

   Мектепте экскурсия жасау барысында мектеп директоры Г.М. Сатыбаева мектептің материалдық базасы және оны іске асыру туралы даму бағдарламасын ұсынды. Қонақтарға заманауи физика, химия, информатика, робототехника және шахмат кабинеттері көрсетілді. Семинар қатысушылары оқушылардың шығармашылық жұмыстар көрмесін көріп, мектепке дейінгі «Мөлдір бұлақ» шағын-орталығымен танысты. Оқушылар өздері жасаған роботтар моделдерін көрсетті. Мектеп директоры Г.М. Сатыбаева мектеп жұмысының қорытынды есебін жасады. Семинар оқушылардың шығармашылығымен тәмамдалды.

   Нәтижесінде барлық семинар қатысушылары әдістемелік ұсыныстар алды және семинар ұйымдастырушылары білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

1<