2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше32
Апта383
Ай1615
Барлық күндері106896

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Пән мұғалімдері арасындағы пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі

   

    2018 жылдың 23 ақпанында №2 Успен ЖОББМ базасында аудандық мұғалімдер арасындағы пәндер олимпиадасы өтті.

   Биыл ауданның 19 мектебінен 75 мұғалім қатысты. Жүлдегерлер саны 21 мұғалім, бұл қатысушылардың жалпы санының 28 % құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда нәтиже +10% динамиканы көрсетті.

   «Қазақ тілі» пәні бойынша орыс тілді мектептерден 9 білім мекемесінен 10 мұғалім қатысты. 1 орын Константинов ЖОББМ мұғалімі А. П. Бабакулова, 2 орын Богатырь НЖББМ мұғалімі Е.А. Пучнина, 3 орын №1 Успен ЖОББМ А.М. Бекенова иеленді.

   «Қазақ тілі» пәні бойынша мемлкеттік тілді мектептерден 1 мұғалім қатысты. 3 орын Қозыкеткен ЖОББМ мұғалімі Ш. Махаббат иеленді.

   «Орыс тілі» пәні бойынша орыс тілді мектептерден 2 білім мекемесінен 2 мұғалім қатысты. 2 орын №1 Успен ЖОББМ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.А. Середа иеленді.

   «Бастауыш сынып» пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілді 13 білім мекемесінен 16 мұғалім қатысты. 2 орын Тимирязев ЖОББМ бастауыш мұғалімі И.А. Малявина, 3 орын Богатырь НЖББМ бастауыш мұғалімі О.В. Свинцовская иеленді.

   «Ағылшын тілі» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілді 11 білім мекемесінен 11 мұғалім қатысты. 2 орын Таволжан ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі М.М. Ажаева, 2 орын №2 Успен ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Т.А. Сагайдак, 3 орын Павлов ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі К.В. Заугарова иеленді.

   «Неміс тілі» пәні бойынша орыс тілді 2 білім мекемесінен 2 мұғалім қатысты. 2 орын Ольгин ЖОББМ неміс тілі мұғалімі В.Н. Герцен иеленді.

   «Биология» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілді 5 білім мекемесінен 5 мұғалім қатысты. 2 орын Қозыкеткен ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі К.К. Айткужинова, 3 орын Павлов ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі С.В. Сафонов, Ковалев НЖББМ биология пәнінің мұғалімі Н.М. Дериглазова иеленді.

   «Тарих» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілді 9 білім мекемесінен 9 мұғалім қатысты. 2 орын Тимирязев ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Р.С. Аменов, 3 орын Галицк ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Г.К. Сулейманов, №1 Успен ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Э.Э. Больдт, Қаратай ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі С.М. Алибаева иеленді.

   «Физика» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілді 6 білім мекемесінен 6 мұғалім қатысты. 1 орын Галицк ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі В.С. Колесникова иеленді.

   «Математика» пәні бойынша мемлекеттік және орыс тілді 6 білім мекемесінен 7 мұғалім қатысты. 1 орын Лозовой ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі А.В. Найманова, 3 орын №1 Успен ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Е.В. Придатко иеленді.

   Аудандық мұғалімдер арасындағы пәндер олимпиадасының жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды.

 

1 1