2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше32
Апта383
Ай1615
Барлық күндері106896

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Абай оқулары

   

   2018 жылғы 28 ақпан күні «Балдырған» БЭО базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында аудандық Абай оқулары өтті.

   Конкурстың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады.

   Абай оқуларына ауданның 12 мектебінен 34 оқушы қатысты. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсы.

   «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында мемлекеттік тілдегі мектептерден 2 орынға №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Ибраев Алихан, 1 орынға Қаратай ЖОББМ 7 сынып оқушысы Әлен Дәрия, «Көрермен көзайымы» номинациясы Лозовой ЖОББМ 4 сынып оқушысы Скакова Алинаға берілді. Орыс тілді мектептерден 2 орынға №2 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушысы Пудич Алексей, 1 орынға Ковалев НЖББМ 8 сынып оқушысы Манжос Екатерина иеленді.

   «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша 3 орынға №2 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушысы Омарова Данель, 3 орынға Қаратай ЖОББМ 5 сынып оқушысы Смаилова Дильназ, 3 орынға Таволжан ЖОББМ 8 сынып оқушысы Арынгазинова Диана, 2 орынға Ольгин ЖОББМ 8 сынып Мұрат Шырқау, №2 Успен ЖОББМ 7 сынып оқушысы Абилова Динара, 1 орынға Қозыкеткен ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жакупова Азалия иеленді.

   «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша 3 орынға №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Бахытбекқызы Фарида, Қозыкеткен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Тойкенова Индира, 1 орынға Қаратай ЖОББМ Смаилова Алима иеленді. «Болмасаң да, ұқсап бақ» номинациясына Таволжан ЖОББМ 3 сынып оқушысы Рафаил Есмира иеленді.

   «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсында 3 орынға Константинов ЖОББМ 8 сынып оқушысы Реукова Екатерина, Константинов ЖОББМ 10 сынып оқушысы Смагулова Карлыгаш, 2 орынға №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бахтыбекова Ұлжан, 3 орынға Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Нурбаева Торғын, 1 орынға №3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Бердмурат Салтанат иеленді.

   Қатысушылардың барлығына білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.

 

1