2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше32
Апта381
Ай1613
Барлық күндері106894

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

BilimBook істе

   

   «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдың 1 наурыз күні Успен ауданындағы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде Bilimbook құрылғыларымен жабдықталған BilimClass кабинетінің жұмыс жасауы бойынша семинар өтті.

   Кездесуге «BilimMediaGroup» компаниясының атынан клиенттермен жұмыс жасау департаментінің директоры Г.М. Шуленбаева, Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының өкілдері: ақпараттық-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі – Қ.Е. Бекбергенова, электронды оқыту жүйесі бөлімінің меңгерушісі Е.С. Байкенов және әдіскері – А.Т. Акишпаева қатысты.

   Іс-шараны мектеп директоры Б.Ш. Жумабекова бес ай бойы BilimBook дербес оқыту планшет-компьютерлері мектеп мұғалімдерінің сабақта қолданысы жайлы кіріспе сөзімен бастады. Мұғалімдерге мектеп бағдарламасы бойынша жасалған интерактивті сабаққа жол ашып, көрнекі құралдарды ұсынып, жаратылыстану пәндері бойынша әлемдегі ең үздік виртуалды зертхананы пайдалануға мүмкіндік берілетіні туралы айтылды. Әрбір адам өзіне ыңғайлы жерде және қолайлы уақытта оқуға жағдай жасауға мүмкіндік алады. Баршаға сапалы білім алуға жағдай жасайды. Ауданның 10-11 сынып оқушыларының iTest жаттықтырғышын қолдану арқылы өтетін тест жұмыстарына белсенді қатысады. Жоғары сынып оқушылары iTest платформасын белсенді қолданып, негізгі және бейіндік пәндер бойынша ресурстық мектептердің сессиясы кезінде сынамалы тест жұмыстарын тапсырып отырады.

   Заманауи кабинетте сабақтар өткізудің тиімділігіне бүгінгі өткізілген ашық семинардағы мұғалімдер мен оқушылардың Bilimbook құрылғыларымен жұмыс жасаудағы белсенділігінен өнімді еңбек, табысты талаптарға жеткізетінін байқауға болады. Келесі кезекте пән мұғалімдері ашық сабақтар сериясын өткізді. 6 сынып оқушыларымен география пәнінің мұғалімі Е.К. Асылбеков «Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер», ал пилоттық жобадағы 8 сынып оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Е.А. Сатыбалдинов «Екінші дүниежүзілік соғыс» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

   Г.М. Шуленбаева келесі мұғалімдерден сұхбат алды: биология пәнінің мұғалімі – А. Камилов, химия пәнінің мұғалімі – О.Е. Полатов және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Р. Шакаргалиева. Успен ауданының білім бөлімінің ақпараттандыру бойынша әдіскері А.М. Жумабекова жалпы аудан көлемінде жасалған іс-шаралар жайлы айтты.

   Ата-аналар тарапынан Асем Темирбулатовна Скакова оқушылар үшін «BilimMediaGroup» компаниясының атынан жасалған заманауи жабдықталған білім алуда көп көмегі тиетін кабинеттің бар болуына ризашылығын білдірді.

   10 сынып оқушысы С. Бердмурат, 6 сынып оқушылары – Д. Назымбек және А. Тыржыкаев, 8 сынып оқушылары – Т. Зейнулла және М. Жантөре сабақ барысында BilimBook дербес оқыту планшет-компьютерлерінің тиімді жақтарымен қоса сабақтағы қолданыстары жайлы ой қозғап, бес ай бойы қолданыста алған әсерлерімен бөлісті.

   Успен ауданының білім бөлімінің әдіскері А.М. Жумабекова семинардың соңында Вilimland.kz платформасы бойынша BilimBook жобасы шағын жинақты мектептердегі интерактивті білім беру формасын жаңа бір сатыға көтеріп, цифрлық дамудың жаңа кезеңіне жол ашадығын атап өтті.