15 мамыр жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Успен ауданының барлық 19 мектебінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 95% ата-ана келді. Жиналысқа жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының өкілдері, депутаттар, аудандық маслихат пен қауым өкілдері қатысты.
Мақсаты – ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға кіріктіру. Ата-аналармен мектеп өміріндегі Қамқоршылық Кеңесінің рөлі, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, түлектердің қорытынды аттестатталуы мен жыл қорытындылары туралы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, үлкендермен отбасы құндылықтарымен оқу үдерісін цифрландыру туралы әңгіме қозғалды.
Жалпы алғанда, жиналыс жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, ата-аналар барлық сұрақтарды талқылауға белсене ат салысты.
Көбінесе, ата-аналарды толғандырғаны түлектердің қорытынды аттестациясы және оқу жылының аяқталуы сұрақтары болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалары мен оларды жүзеге асырудағы Қамқоршылық Кеңесінің рөлі туралы сұрақтар ата-аналардың назарынсыз қалған жоқ.
Жиналыс қорытындылары бойынша мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің жобаларын болашақта жүзеге асыру шешімдері шығарылды.