2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше32
Апта395
Ай1627
Барлық күндері106908

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Мемлекеттік тілде топ ашылды

   

   2018 жылғы 28 тамыз күні «2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерді қазақ тілінде білім және тәрбие беруге кезең-кезеңімен көшіру» жоспарын іске асыру аясында және ҚР Конституция күні мерекесі қарсаңында Успен ауданының Тимирязев мектебі жанындағы шағын орталықта мемлекеттік тілдегі «Бота» шағын орталығының салтанатты ашылуы өтті. Топқа 10 тәрбиеленуші қабылданды.

   Бұл іс-шараға Успен ауданы білім бөлімінің басшысы Е.У. Инербаев, Белоусов ауылдық округінің әкімі Д.М. Аспанов, округ депутаты С.Ш. Елгондинов, тәрбиеленушілердің ата-аналары және ауыл тұрғындары қатысты. Қонақтар назарына ересектер тобының тәрбиеленушілері (тәрбиешілері С.А. Эннс және Г.Ф. Тыштыкова) би билеп, ән және өлең айтып өнерлерін көрсетті. Лентаны кесу құрметі білім бөлімінің басшысы Е.У. Инербаев және Белоусов ауылдық округінің әкімі Д.М. Аспановқа берілді.

   Іс-шараға қадірлі қонақтар шағын орталықтың тәрбиеленушілерінің мерекелік көңіл-күйі көтеріңкі болу үшін балаларға базарлық сыйын тарту етті.