2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін32
Кеше44
Апта32
Ай1674
Барлық күндері106955

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Аудандық Мағжан оқулары өз мәресіне жетті

 

    2018 жылдың 18 қазанында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында өткізілген республикалық «Мағжан оқулары» байқауының аудандық кезеңіне 12 мектептен, 33 оқушы қатысты.

   Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізілді. «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа оқыды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Толқынмен толқын сырласып...» -М.Жұмбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұсмыстары ұсынылды.

   Байқау қорытындысы төмендегідей болды:

   «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағыты бойынша оқыту тілі қазақ мектептері арасында І орынды №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Бердмурат Салтанат иеленді. Орыс мектептері арасынан ерекше көзге түскен Константинов жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Ерғали Балнұр өз қатарластарынан озық шығып жеңімпаз атанды.

   «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімі бойынша І орын №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Аскаров Есмухан.

   «Толқынмен толқын сырласып...» - М.Жұмбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары кезеңі бойынша І орын Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Ораз Гүлдана.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!