2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін28
Кеше44
Апта28
Ай1670
Барлық күндері106951

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«ЭКОboom» облыстық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Болашақ бағы» акциясы

 

    2018 жылғы 20 қазанда Успен ауданының барлық 19 мектепте «ЭКОboom» облыстық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Болашақ бағы» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – педагогикалық ұжымның, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен қызметі арқылы тұлғаның еңбектік, рухани-адамгершілік дамуы негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Бірінші сынып оқушысы 11 жыл бойы оқитын, өмірінің көп бөлігін өткізетін, екінші үй болып саналатын мектепте балалардың өмірі мен өсуінің нышаны, ауаны ластанудан тазартушы болып табылатын – өсімдіктерді отырғызудың мектеп дәстүрін құру.

   Бұл экологиялық акцияға 200-ден астам бірінші сынып оқушылары қатысты. Аудан мектептерінің бірінші сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдермен бірлесіп аққайынның, көктеректің, қара мойыл мен таңқурайдың 200-ден астам көшеттерін отырғызды. 11 жыл бойы біздің бірінші сынып оқушылары ата-аналарымен бірге бұл аталған ағаштарға күтім жасайды және 11 жылдан кейін, түлектер болып күтімді келесі ұрпаққа тапсырады. Бірінші сынып оқушылары мен ата-аналар арасында бұл акция өте үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, акцияны өткізуге және көшеттерді отырғызуға ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдіктерінің басқа да өкілдері қатысты. Біздің ауданымызды жасылдандыру бойынша педагогикалық ұжымның, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен қызметі арқылы тұлғаның еңбектік, рухани-адамгершілік дамуы негізінде өткізілген акция табысты болды. Павлодар облысының биылғы жылы «Экология жылы» болып жариялануына қарай, осы айтулы күні оқушылар ата-аналар мен педагогтермен бірге біздің еліміздің қоршаған ортасын жасылдандыру мен абаттандыруға үлкен үлес қосты.