2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше79
Апта263
Ай1495
Барлық күндері106776

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

   2018 жылдың 1 маусым күні Успен ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне және жазғы маусымның ашылуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.

   Мерекелік іс-шара театрланған, спорттық, шығармашылық алаңдардың жұмысынан басталды. Орталық алаңға балалар, ата-аналар және қонақтар жиналды. Мерекенің әдемі әрі әсерлі бөлімі осы жылы алғаш рет бастауын алған «Ана Life» аналар мен кішкентай бүлдіршіндердің және аудан мектептері оқушыларының шығармашылық ұйымдарының шеруімен жалғасты.

   Іс-шараның қадірлі қонағы аудан әкімінің бірінші орынбасары Қабиболла Аманұлы Абушахманов барлық балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға алдымен денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, бақыт, нұрлы болашақ және жақсы жазғы демалысты тіледі. 

Толығырақ...

Менің таңдауым – позитивпен өмір сүру» дебаттық тренинг өтті

   «Мен өмірді таңдаймын!» облыстық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 22 мамырда №1 Успен ЖОББМ аясында «Менің таңдауым – позитивпен өмір сүру» атты аудандық дебаттық тренингі өткізілді. Бұл шара аудандық №1,2,3 Успен мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін өткізілді. Барлығы 30 оқушы қатысты. Шараның мақсаты оқушыларда денсаулық және өмір – адамның басты құндылығы түсінігін қалыптастыру, сонымен қатар топта жағымды коммуникацияны дамыту, жасөспірімдердің жағымсыз көңіл-күймен күресуге көмектесетін, денсаулыққа зиян тигізбейтін, адекватты әдістер мен тәсілдерді таңдау және қолдану.

Толығырақ...

Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

   Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Сондықтан сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

   Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.

   Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

   Түлектер өздерінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

   Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

   Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет -деп Ел басымыз айтқандай , бұл – рухани жаңғыруымыздың басты негіздерінің бірі.

   Үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат болыңыздар. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңызды қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға тырысыңыздар. Бір сөзбен айтқанда еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспін. Ақ жол.

 

Құрметпен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З. Балиева  

«Мен өмірді таңдаймын!» акциясы шеңберінде семинар өтті.

   Ағымдағы жылдың 5 мамырында ашылған «Мен өмірді таңдаймын!» облыстық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде, Успен ауданының білім беру бөлімімен 2018 жылғы 18 мамырда №1 Успен ЖОББМ аясында «Жасөспірімдер арасында жанжал жағдайларын, суицидтерді, құқықбұзушылықты алдын-алу» тақырыбына психологтар мен тәрбие жқмысы жөніндегі мектеп директорларының орынбасарларына арналған аудандық семинар өткізілді. Семинарда жасөспірімдер істері мен оларды қорғау бойынша аудандық комиссиясының жұмысы, үрейлік- суицидалдық тәртіптің бірдең-бір факторы, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың негізгі фактілері мен құқықтық жалпы оқыту сұрақтары қарастырылды.

Толығырақ...

Павлодар облысындағы Успен ауданында IT-class ашылды

   «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші басым бағытын жүзеге асыру шеңберінде Елбасшының төртінші өнеркәсіптік революция жағдайының дамудың жаңа мүмкіндіктері дамыту халыққа жолдауында және оның аясыеда Павлодар облысы, Успен ауданында №3 Успен ЖОББМ базасында ағымдағы жылдың 25 мамырында IT-сынып ашылды. Жобаның басты мақсаты мектеп жасындағы балалар үшін жаңа замандағы IT-технологияларды білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктері.  

Толығырақ...

Аудандық «Зерде» зерттеушілік жұмыстар және ғылыми жобалар конкурсы

       2018 жылдың 18 мамыр күні «Балдырған» БЭО базасында 1-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар және 8-11 сыныптар арасында ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа ауданның 12 мектебінен 41 оқушы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша жүлдегерлермен жеңімпаздар анықталды.

   1-4 сыныптар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын - №2 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Горская Анастасия;

ІІ орын - Ковалев НЖББМ 4 сынып оқушысы Набиев Рамиль;

ІІІ орын – Қаратай ЖОББМ 3 сынып оқушысы Алибаев Асылхан, №3 Успен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Ануарбекова Надия және 4 сынып оқушысы Закенов Ильяс, Павлов ЖОББМ 3 сынып оқушысы Крук Яна.

Толығырақ...