2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше72
Апта217
Ай1449
Барлық күндері106730

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Рухани жаңғыру және білім – болашаққа қадам»

    2018 жылдың 14 наурыз күні №3 Успен орта мектебі базасында «Рухани жаңғыру және білім – болашаққа қадам» тақырыбында мектеп директорлары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған дәстүрлі-тұрақты семинар жұмысын бастады. Семинар жұмысын мектеп директоры Жұмабекова Бибігүл Шәйкенқызы ашты.

   Семинардың негізгі мақсаты – №3 Успен ЖОББМ ұжымының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің жұмысын жалпылау және тарату.

   Семинар қатысушылары мектеп педагогтары дайындаған орыс тілінен (мұғалімі Е.С. Асанов), тарих пәнінен (мұғалімдері Г.С. Ибраева, Е.А. Сатыбалдинов), географиядан (Е.К. Асылбеков) ашық сабақтарға және екінші, бесінші сыныптарға арналған (сынып жетекшілер Ж.А. Шакирова, Н.Н. Алпысова) тәрбие сағаттарына, сондай-ақ «Асық ойыны» жұмысына (спорт инстукторы М.Б. Курманалинов) қатысты.

Толығырақ...

2018 жылғы Бірыңғай ұлттық тестілеу және қорытынды аттестаттау

   2018 жылғы 6 наурызда білім бөлімінің ұйымдастыруымен Успен ауданы 10 мектебінің түлектерімен ҚР БжҒМ ҰТО №78 филиалының басшысы Ниязова Сания Сансызбайқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында бірыңғай ұлттық тестілеу және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібін түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ №1 Успен ЖОББМ базасында ҰБТ-ға дайындыққа арналған сынамалы тестілеу өткізілді.

Толығырақ...

Облыстық Абай оқуларындағы алғашқы жүлдегер

   Павлодар облысы білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның ұйымдастыруымен облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында ұлы ойшыл Абай және Шәкәрімнің шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсету мақсатында 2018 жылдың 13 наурызында дәстүрге айналған Абай оқуларының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Толығырақ...

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық бейнеқұттықтау конкурсы

   2018 жылғы 20 ақпан мен 6 наурыз аралығында білім беру мекемелері арасында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық қашықтық бейнеқұттықтау конкурсы өткізілді. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына 10 жұмыс жіберілді.   

 Қатысушылардың конкурс жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданды. Оқушылар тұсаукесер немесе бейнероликтер жасау керек болды.

   Бағалау кезінде қазылар алқасы жұмыс сапасына ғана емес, оқушылардың ең үздік идеясы мен шығармашылық тұрғыдан ойлау өзіндігі мен бейнеқұттықтауларды құру ерекшеліктерін ескеріп отырды.

Толығырақ...

«Қазақстанның болашағы – менің болашағым» аудандық эссе конкурсының қорытындысы

   Білім бөлімі Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының 10 тармағын орындау мақсатында «Қазақстанның болашағы – менің болашағым» аудандық эссе конкурсы өтті. Ауданның 11 білім беру ошағынан 20 оқушы эссе конкурсына қатысуға өтініш берді.

   Конкурстың мақсаты - аудан мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау; шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету.

Толығырақ...

Успен ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде өткен Алғыс айту күні

   Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Успен ауданының барлық 19 жалпы орта білім беру мектептерінде 2018 жылдың 1 наурызында аталған мерекеге арналған бірыңғай сынып сағаты және флэш-моб өткізілді.

   Сынып сағатының мақсаты оқушыларды кең пейілділік және мейірбан адам болуға, татулыққа ұмтылуға, бейбітшілік пен достық қасиеттерін, адами құндылықтарды бағалауға шақыру болып табылады. Іс-шара барысында мұғалімдер сабақ түрінде, ойын және танымдық әңгімелер формасында сынып сағаттарын өткізді. Балаларды осы мерекенің шығу тарихымен, Қазақстанда Алғыс айту күнін бекіту туралы Жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қою жөнінде таныстырды. 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрметіне орай таңдалған

Толығырақ...