2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін30
Кеше72
Апта364
Ай1596
Барлық күндері106877

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы

   Білім бөлімі 2018 жылдың 2 ақпан күні аудан мектептері арасында №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасын өткізді. Ауданның 10 мектебінен 33 оқушы қатысты.

   Олимпиада 5 конкурсты қамтыды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту.

   Конкурстың барысында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен 50 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын оқушылар жақсы деңгейде шеше білді. Конкурс барысында көркем сөзді мәнерлеп оқуға оқушылар жақсы төселгендіктері байқалды. Ғылыми-жоба №3 Успен ЖОББМ-нің оқушысы Феримхан Арқралық қорғады. Оқушылардың дайындықтары былтырғы жылмен салыстырғанда біршама жақсы. Олимпиадаға қатысушылардың саны арта түсті.

Толығырақ...

Ел Президенті жолдауын талқылау

    Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы –біздің халқымыз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Барлық Успен аудандық білім мекемелерінің ұжымдарында осы маңызды құжатқа талқылау өткізілді. Президент Жолдауы — бағдарламалық құжат, онда Елбасы стратегиялық бағдарлар жасайды, еліміздің дамуы үшін нақты қадамдар белгілейді. Өз сөзінде Н.А.Назарбаев білім саласының барлық сатыларына тоқтала келіп, болашақ түлектердің моделін былай сипаттайды: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»

Толығырақ...

Павлодар облысының 80 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаттары

    2018 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының 80 жылдығына арналған шаралар басталды. Успен ауданының 19 мектебінде Павлодар облысының 80 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаттары өтті, шара түрлі формада ұйымдастырылды: викторина, блиц-сұрақ, ойын, танымдық сағаттар, облыс туралы фильмдерді көрсету.

Толығырақ...

Аудандық оқпен ату жарысы

    2018 жылдың 9 қаңтарында № 2 Успен орта мектебінің тирінде мектеп оқушыларының аудандық 11-шы қысқы спартакиада есебіне оқ ату жарысы өтті. Жарысқа 47 оқушы қамтылуымен ауданның 10 мектебі қатысты. Қыздар арасында жеке есепте үшінші орынды Ряшена А (Лозов ОМ), екінші орынды Кулумбаева Д (№3 Успен ОМ), бірінші орынды Гриценко О (№2 Успен ОМ) иеленді. Ұлдар арасында үшінді орынға Дерипаско А (№2 Успен ОМ), екінші орынға Омирбай Д (№3 Успен ОМ) және бірінші орынға Таласпаев А (№ 3 Успен ОМ) ие болды. Командалық есепте үшінші орынды Лозов ОМ (жаттықтырушы А.Б. Бижанов), екінші орынды № 2 Успен ОМ (жаттықтырушы С.Н. Бондаренко) еншісіне байлады, ал жарыстың жеңімпазы болып №3 Успен ОМ (жаттықтырушы Д.К. Мусалимов) атанды.

Толығырақ...

Сарбаз - 2018

   13 қаңтарда № 2 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында әскери-қолданбалы спорт түрінен «Сарбаз-2018» аудандық жарысы өткізілді. Жарысқа жалпы 20 оқушы қамтылуымен 5 команда қатысты.

   Жарыс келесі кезеңдерге бөлінді: АК-74 мылтығын уақытқа бөлшектеп бұзып тастау және жинау, ЖҚЖҚ бойынша нормативтерді орындау, белтемірге тартылу, шаңғы дайындығы, пневматикалық винтовкадан ату. Нәтижесінде үшінші орынды №1 Успен ЖОББМ жеңіп алды, команда құрамында: Бузов Николай, Абдрафиков Юрий, Кузеванов Даниэль, Кононенко Олег (команда жаттықтырушысы С.В. Лебедев), екінші орынды №3 Успен ЖОББ М командасы иеленді, команда құрамында: Таласпаев Әди, Бердмурат Салтанат, Калқаманов Тамерлан, Зейнулла Тілек (команда жаттықтырушылары Д.Қ. Мусалимов, Т.С Альдекенов) және бірінші орынды №2 Успен ЖОББМ командасы жеңіп алды, команда құрамында: Берш Максим, Жанұзаков Жандос, Сандр Густав, Придатко Максим (команда жаттықтырушылары С.Н. Бондаренко, Д.И. Лозовик).