2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін30
Кеше72
Апта364
Ай1596
Барлық күндері106877

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Павлодар облысының 80 жылдығына арналған макеттер конкурсының нәтижесі

   Павлодар облысының 80 жылдығы аясында ағымдағы жылдың 15-20 ақпан аралығында Успен ауданы мектептерінің оқушылары арасында макеттер конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты балалардың шығармашылығын дамыту, Павлодар облысының көрікті жерлері туралы ой-өрісін кеңейту, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады. Оқушылар макеттер жасау үшін түрлі материалдар: қағаз, пенопласт, майда моншақтар, маталар қолданған.

   Оқушылар қиялдарын шебер пайдалана отырып, қазылар алқасына «Шаңырақ» облыстық мәдени-сауық орталығының, П. Васильев мұражай үйінің, ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіш, «Павлодар» монументі сәулеттік нысандарынан айнымайтын макеттерді ұсынған.

Толығырақ...

«Астана – бейбітшілік пен келісім алаңы» дөңгелек үстелі

   2018 жылдың 15 ақпанында Успен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйінде «Астана – бейбітшілік пен келісім алаңы» дөңгелек үстелі болып өтті. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» аудандық партиясының мүшелері, депутаттар Ж.Р. Бараисов, М.А. Тауасқан, О.Д. Устименко, Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р.К. Бечелова, Успен ауданының жалпы орта білім беру мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

   Дөңгелек үстелдің басты мақсаты жаңа стратегиялар мен мемлекетіміздің тарихы, мақсаттарға қол жеткізу жолындағы барлық Қазақстандықтарды біріктіретін, қала ретінде, еліміздің Астанасы ретінде барлық шараға қатысушылардың ой-пікірін тұжырымдау болатын.

Толығырақ...

Павлодар облысының 80 жылдығына арналған буклеттер конкурсының нәтижесі

   2018 жылдың 5-19 ақпаны аралығында Павлодар облысының 80 жылдығына арналған Успен ауданының мектеп оқушылар арасында буклеттер конкурсы өтті.

   Конкурстың мақсаты оқушылардың Павлодар облысының көрнекі және киелі жерлері, табиғи және мәдени байлықтары жайлы білімдерін арттыру және өздерінің туған өлкесі туралы ақпаратты игеру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

    Барлық қатысушылар конкурсқа шығармашылық қараған және туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білген.

Толығырақ...

Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының алғашқы брифингі өтті

   Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының алғашқы брифингі өтті.

   Облыстың бас педагогы тілшілерге мекеме жұмысының жоспарлары, өңірде білім беру қызметінің сапасын жақсатру, ақпараттың айқындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтты.

   Білім беру басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысы болады. «Ұлттық білім беру дерекқоры» білім беру салалаларының басым бөлігінде енгізілетін болады.

Толығырақ...

2-4 сыныптар арасындағы математикалық турнир

   2018 жылғы 20 ақпан күні № 3 Успен ЖОББМ аясында жыл сайынғы 2-4 сынып оқушылары арасында математикалық турнир өткізілді. Турнирдің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен қызығушылығын дамыту.

   Сайыста ауданның 14 мектебінен 17 команда, 51 оқушы қатысты. Турнир екі турдан тұрды: 1 тур – командалық, 2 тур – жеке. Балалар логикалық тапсырмаларды шешті, командада және жеке жұмыс істей білуін көрсетті.

Толығырақ...

Педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату

   2018 жылдың 14 ақпан күні Павлов орта мектебі базасында «Шағын жинақты ауыл мектептері жағдайында инновациялық процестерді ендіру» тақырыбында мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған дәстүрлі-тұрақты семинар жұмысын бастады.

   Семинар жұмысын білім бөлімі мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Лаура Амановна Дисюпова ашты. Семинардың негізгі тақырыбы – Павлов ЖОББМ ұжымының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің жұмысын жалпылау және тарату.

Толығырақ...