bogatyrsosh

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше32
Апта395
Ай1627
Барлық күндері106908

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

ҰБТ-ға ДАЙЫНДЫҚ

    Мектеп жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі түлектердің Бірыңғай ұлттық тестілеуде көрсеткен нәтижелері болып келеді. Ал тестілеу нәтижелері пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің осы бағыттағы жоспарлы, өнімді және жүйелі жұмысына байланысты. Аталмыш мектепте өзіндік дайындық жұмысы жүргізіліп отыр.

   Дайындықтың бірінші және негізгі кезеңі 9-сынып оқушыларымен жүргізіліп отырған кәсіби бағдарлық жұмыс болып табылады. Мектеп психологы оқушылар арасында мамандықтарға деген қабілеттер мен икемдіктерін анықтау бойынша диагностиканы өткізіп, одан соң әр оқушыға жеке ұсыныстар жасалуда.

   Екінші кезең 10-сынып оқушыларымен жүргізіліп отырған жұмыс болып табылады. Осы кезеңдегі жұмыстың нәтижелі формасы оқушылардың білімін тексеру болып келеді. Оқу жылының басынан бастап 10-сынып оқушылары үшін ҰБТ-ның негізгі пәндері бойынша байқау тестілеулері өткізілуде. Тестілеулерге сол сыныптарда сабақ жүргізбейтін пән мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысып отырады. Бұл әдіс ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналармен тығыз жұмыс жасауға, түлектерге тестпен жұмыс механикалық сипатқа ие болуына байланысты бүгінгі күнде өзекті болып отырған тақырыптар бойынша теориялық білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

   Түлектердің ҰБТ-ны тапсыруы бойынша қорытынды кезеңі 11-сынып оқушыларымен анықталған жұмыс болып табылады.

Әр мұғалім өз пәні бойынша байқау тестілеулерінің мониторингісін жүргізуде.

   Мектеп әкімшілігі түлектердің ҰБТ-ға дайындықты бақылауды жоспарға сйкес жүргізуде: сабақтарға қатысу, қосымша сабақтарды өткізу және оқушылардың дайындық сабақтарына қатысуын бақылау, 11-сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерімен жеке жұмыс жүргізілуде, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмысы жүргізілуде, мектеп фойесінде «ҰБТ-ға дайындық» атты стенд ресімделуде. Ата-аналар жиналыстары үздіксіз өткізіліп, байқау тестілеулерінің ағымдық нәтижелері айтылып, ҰБТ-ға дайындық жасаудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады.

   Демалыс кезінде оқушылар бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасайды. Аптасына бір рет ҰБТ пәндері бойынша байқау тестілеуі өткізіліп, тестілеуден кейін түзету жұмыстары жүргізіледі.