ОМКА
7 ақпанда "Бала тәрбиесіндегі ата-ана" тренинг жиналыс өтті. Ата-аналар түстер арқылы топтарға бөлінді. "Мен қандаймың" бойындағы бар қасиеттерін атады. "Өз балаңызды жақсы білесіз бе?" додэкадр арқылы сұрақтарға жауап берді. Әр топ арнайы тақырыпта постер жасап, қорғады. Өз ойларын ортаға салды. Диагностика арқылы өздері туралы білді. Соңында рефлексия жасап, тренингтен алған әсерлері туралы және ұсыныстарын жазды. Сынып жетекшісі Кабакаева Ж. Н.