Жаңалықтар
Аудандық «Мәшһүр оқулары» конкурсы өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Жарияланды 13.02.2020 07:45
Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы бабаларымыздың есімдерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында 2020 жылғы 13 ақпан күні №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында ІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 3 бағыт бойынша оқушылар қатысып, ұлы баба мұрасынан өз білгендері мен ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды. Аудандық конкурсты Успен ауданының білім бөлімі ұйымдастырды. Жүлделі орындар әрбір бағыт бойынша І орын – біреу, ІІ орын – екеу, ІІІ орын – үшеу берілді.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында І орынды Белоусов жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қуандық Мұқмет иеленді.
«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазуда І орынды Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Сапар Темірлан иеленді.
«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында І орын Қаратай жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Балтабай Махмут жеңіп алды. Конкурс жеңімпаздары 2020 жылғы 20 ақпанда өтетін облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. Аудандық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Және де барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.