Жаңалықтар
Аудан әкімінің жұмыс сапары
- Толығырақ
- Жарияланды 20.03.2021 14:30
Наурыз мейрамы қарсаңында Успен ауданының әкімі Н. Дычко жұмыс сапарымен Балалар музыка мектебіне барды.
Музыка мектебін ашу мәселесі көптеген жылдар бойы аудан тұрғындарын толғандырды, бұл туралы бірнеше аудан әкімінің әрбір есеп беру кездесуінде айтылды. Міне, оқу жылының басында Балалар музыка мектебі ашылды. Қазір онда фортепиано, домбыра, аккордеон, баян мамандықтары бойынша 45 бала оқиды. Музыка мектебінің оқытушылар құрамы толығымен қалыптасты - бұл барлық мектеп пәндері бойынша 8 педагог.
Сапар барысында Николай Васильевич оқу сабақтарына қатысып, оқушылармен және педагогтармен әңгімелесті.