2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін44
Кеше74
Апта118
Ай1760
Барлық күндері107041

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Жаңалықтар

Қаратай жалпы орта білім беру мектебінде өткізілген тұрақты жұмыс жасайтын аудандық семинар «Шағын жинақты мектептегі тиімді көшбасшылық және менеджмент»

 

   2019 жылдың 18 қаңтарында Қаратай ЖОББМ базасында мектеп директорлары мен директор орынбасарларына арналған тұрақты жұмыс жасайтын семинар аясында «Шағын жинақты мектептегі тиімді көшбасшылық және менеджмент» тақырыбында семинар өтті.

   Семинардың мақсаты: басқарушылық және көшбасшылық дағдылар мен сапалардың тиімділігін, алынған білім мен дағдыларды басқару ақиқатына ықпалдастыру бойынша ұсыныстар мен құралдарды арттыру.

   Семинар жұмысына 46 педагог қатысты. 3 сыныпта математика пәнінен «Тез санау үшін көбейту қасиеттерін қолдану» (Скакова Б.М.), 9 сыныпта қазақ әдебиетінен Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы (Дукеева Н.М.), физика пәнінен 8 сыныпта «Жылу алмасу» көптілділік элементтерін қолдану арқылы (Шапиев Д.М.), қазақ тілінен 4 сыныпта «Морфология еліне саяхат» (Джапарова К.Е.), химия пәнінен 9 сыныпта «Металдардың электрохимиялық кернеу қатары» (Уртакова Б.С.), дене шынықтыру пәнінен 5-6 сыныпта «Спорт ойындары» (Смаилов А. С.) тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.

   Семинар барысында мектеп директоры Б.С. Бекенова «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбында коучинг өткізді. Директордың орынбасарлары үшін «Lesson study сабағын зерттеу барысындағы SMART мақсаттар» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.

   Семинар соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен ұласты. Білім бөлімінің атынан семинар жұмысына белсенді қатысқандарға сертификаттар табысталды.