Материалдар
Аудандық Абай оқулары өз мәресіне жетті
Аудандық Абай оқуларына 13 мектептен 51 оқушы қатысты. Абай оқуларының жеңімпаздары: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Әлен Дәрия (Қаратай ОМ); «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Жұмадір Әмина (№3 Успен ОМ); «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Смайлова Әлима (Қаратай ОМ); «Ұлылар әлемі» Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу конкурсы бойынша 9-сынып оқушысы Нурбаева Тұрғын (Қаратай ОМ).
Жеңімпаздар облыстық конкурсқа жолдама алды.
Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.