Материалдар
Кәсіби бағдар
2019 жылғы 13 наурыз күні «Балдырған» БЭО базасында оқушылардың кәсіптік бейімделуі мен олардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қолдау мақсатында 11 сынып оқушыларына арналған Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметі жөніндегі презентациясы ұйымдастырылды.
Кездесуді А.М. Даурбеков шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Ш.С. Байжекина филология магистрі, бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы және Ж.М. Бердыбекова мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының оқытушысы өткізді.
Оқушылар назарына университеттің қызметі туралы презентациясы ұсынылды, әрі болашақ үміткерлердің назарына буклеттер түрінде ақпараттық материалдар берілді және ПМПУ-ға түсу шарттары түсіндірілді.