Материалдар
Балалардың психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі аудандық семинар
30 қазанда №1 Успен ЖОББМ базасында Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары С. А. Столяревская, О. В. Тюменцева және А. А. Небельцованың қатысуымен психологтар мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған аудандық семинар өтті.
Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау мәселелері, балалармен және ата-аналармен жұмыс кезінде туындайтын мәселелер, қауіп тобындағы балаларды анықтау бойынша жұмыстың жаңа түрлері мен әдістері талқыланды.