2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін12
Кеше47
Апта334
Ай210
Барлық күндері107257

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Аудандық Абай оқулары

   «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе»-дегендей, аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2015 жылдың 16 наурызында оқыту тіліне қарамастан        Железин №3 орта жалпы білім беру мектебінің негізінде аудандық Абай оқулары өтті. Бұл сайысқа аудан көлеміндегі Абай өлеңдерін, қара сөздерін, поэмаларын жатқа білетін, мәнерлеп оқитын 48 оқушы қатысты.

   Сайыстың бірінші номинациясы бойынша - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»- 1-ші орынды Жаңа жұлдыз ЖББОМ 10 сынып оқушысы Айдарханова Ләззат иеленсе, екі 2-ші орынды Железин №3 ЖББОМ 11 сынып оқушысы Чужаева Айсұлу және Есқара ЖББОМ 10 сынып оқушысы Бейсембаева Динара бөлісіті. 3-ші орынның бірін Железин №3 ЖББОМ 5 сынып оқушысы Дюсембинова Индира иеленсе, бірі Железин №1 ЖББОМ 5 сынып оқушысы Купеева Айманға бұйырды.

   «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Железин №2 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Солтанова Айжан иеленсе, 2-ші орын Абай ЖББНМ 7 сынып оқушысы Шарипова Дильнараға бұйырды, 3-ші орын Железин №3 ЖББОМ 8 сынып оқушысы Тлегенова Тамирис иеленді.

   «Жүйректен жүйрік озар жарысқанда» бағытында 1-ші орынға Железин №3 ЖББОМ оқушысы Мұғамар Айдана шықса, 2-ші орынды Жаңа жұлдыз ЖББОМ оқушысы Оразбай Арианна және Абай ЖББНМ оқушысы Ульжабаев Жәнібек иеленді, ал 3-ші орын Михайловка ЖББОМ оқушысы Ахметова Камила мен Есқара ЖББОМ оқушысы Қайырбекова Сания бөлісті. Жүлделі орын иегерлері грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды