2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін52
Кеше58
Апта326
Ай932
Барлық күндері107979

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Үздік мектеп кітапханашысы

   Қазіргі таңда білім беру үдерісінде мектеп кітапханасының орны мен рөлін, оның педагогикалық әлеуетін қайта ойластыру жүргізілуде. Бүгінде кітапханашы – педагогикалық үдерістің белсенді қатысушысы. 2015 жылғы 27 ақпанда Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік мектеп кітапханашысы» республикалық конкурсының облыстық туры өтті. Облыстық турға конкурстың аудандық, қалалық тур жеңімпаздары – 13 кітапханашы қатысты.

Шығармашылық жұмысқа екі бөлім енді. «Мектеп кітапханашысы – білім берудегі, қарым-қатынастағы, балалардың бос уақытындағы шығармашылық зертхана» рефератын және авторлық бағдарламасының әзірлемесін қорғау. Әр әдіскер жұмысының өз әдістемесін біледі. Ол шығармашылық жұмыстарда мазмұндалған болатын. Жұмыс тақырыптары әр түрлі. Қазылар алқасының мүшелері мектеп кітапханашыларының, конкурс қатысушыларының орасан кәсіби құзыреттілігін атап көрсетеді. Бүгінде оны жариялымды етіп көрсету өте маңызды.

   «Үздік мектеп кітапханашысы» республикалық конкурсының облыстық турының жеңімпаздары: «Үздік ауылдық мектеп кітапханашысы» аталымында І орын – Дегтярева Татьяна Семеновна, Железин ауданы № 2 ЖОМ. «Үздік ауылдық мектеп кітапханашысы» аталымдары бойынша бірінші орын иеленгендер Алматы қаласында «Үздік мектеп кітапханашысы» атты республикалық конкурста Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.

   Білім бөлімі Татьяна семеновна Дегтяреваны еңбегіне лайық жеңіспен құттықтайды! Ары қарай шығармашылық жетістіктерге жетуге тілейміз!