2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін64
Кеше44
Апта64
Ай1706
Барлық күндері106987

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

№3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің тарихы (2)

j1

1992 жылы № 1 Успен орта мектебінде қазақ сыныптары ашылды. Сол жылдары мектеп директоры Майер Борис Григорьевич болды. Успен жерінде қазақ мектебінің алғаш іргетасы болып, № 1 Успен орта мектебінде 1992 жылы қыркүйектің 1-інде жас мұғалім Сағатова Шолпан Бейсенқызы алғаш ашылған бірінші қазақ сыныбына 15 оқушы қабылдады.Мектептің көп жылдан астам өмір тарихында қаншама қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды.

Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында біреуі журналист, екіншісі кәсіпкер, үшіншісі мұғалім тағы да сол сияқты әртүрлі маман иелерін тәрбиелеп шығарды. Бүгінгі күні талантты балаларын оқытатын мектеп халықаралық дәрежесіне дейін көтерілді. Сол жылдарда талмай еңбек етіп, шәкірт жүрегіне ізгілікті жол таба білген ұстаздар еңбегі орасан зор. Республикаға атағы кең тараған, Успен өңірінің жас ұрпағына білім шырағын жаққан, Успен ауылында тұңғыш қазақша білім беріп, ғылым негізіне бастау болған ұлттық мектептің өмір жолы мен өсіп-өркендеу тарихы тереңнен сыр шертеді.

j2Булкаирова Бақтыгүл Боштаевна 2000-2001 оқу жылында алғаш болып ашылған мектептің оқу-тәрбие жұмысының бір ізге түсіп, өнегелі жұмыс атқаруына басшылық берген басшы. Мектептің тұңғыш директоры.
Бейсембаев Аманкелды Мұхамеджанұлы 2001-2003 оқу жылдарында мектеп директоры, география пәнінің мұғалімі.
Малаева Фатима Төлеуқызы 2003-2008 оқу жылдарында мектеп директоры. 1986 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1991 жылы аяқтады. Алғашқы еңбек жолын Көкшетау облысының Куйбышев орталығында орыс мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 1996 жылы Успен ауылына көшіп келіп, №1 Успен орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеді. 1998 жылы аудан әкімшілігінің ұсынысымен мемлекеттік қызметкерлікке ауысты.

j8№3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде 2003 жылы мектеп директоры болып тағайындалды.
2007 жылғы 6 маусымда Успен ауылында тұңғыш қазақ ұлттық мектебі ашылды.
Жұмабекова Бибігүл Шайкенқызы 2008 жылдан бастап мектеп директоры болып қызметін атқарып келеді. 1960 жылы 15 наурызда Павлодар облысы Успен ауданы Байғара ауылында дүниеге келді. Еңбек жолы Қаратай орта мектебінен басталды. 1981 жылдан 1996 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап №1 Успен жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2000 жылы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі ашылған жылы директор жанындағы оқу ісі меңгерушісі болып тағайындалды. 2000 жылы Павлодар Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, 2005 жылы аяқтады. 2003 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ұстаздық жолын бастады. Ал 2008 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Оқушыларды отансүйгіштікке, әдебиет әлеміне деген қызығушылығын арттыру, содан тағылым ала білу мақсатында шәкірттері үнемі білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болуда. Аманбай Нұрбек қазақ тілінен II облыстық олимпиадасында I орын, Қуандықов Жақсылық –аудандық М.Макатаев оқуларында әндер сайысында I орын, Смаханбетовва Ұлжан –аудандық пән олимпиадасында II орынға ие болды. Бибигүл Шәйкенқызының жемісті еңбегі елеусіз емес. Павлодар облысының 75 жылдық мерейтойына орай медальмен наградталды. 2013 жылы 9 желтоқсандағы ҚР жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медальмен наградталды. Республикалық колледждер мен мектеп мұғалімдері арасында өткізілген «Үздік педагог -зерттеуші» ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсының I орын жеңімпазы. Мұның бәрі –ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің жемісі.
2007 жыл 15 сәуір. №3 Успен жалпы орта білім беру мектеп эмблемасының авторлары – кітапханашы Катпанова Бақыт Рахметқызы мен информатика пәнінің мұғалімі Дельмухамбетова Ақмарал Ануарбекқызы.
2002-2003 оқу жылындағы жетістіктерде ауыз толтырып айтарлықтай еді. Соның біріне 11 сынып оқушысы Нұрғалиева Рымгүлдің жазған «Ғабит Мүсіреповтің шығармаласын-дағы психологизм» тақырыбындағығылыми жобасын айтуға болады.
2002-2003 оқу жылындағы қазақ мектебінің ең алғашқы түлектері: Байболов Бауыржан, Ертаева Гүлмира, Ибраев Әсет, Қосыбаев Алтынбек, Нұрғалиева Рымгүл, Смагулова Зәуреш, Садвакасов Руслан, Смагулова Қымбат, Тоқтал Ұлжан, Фарукшина Гүлдана, Хамитов Азамат. Сынып жетекші –Қосыбаева Толеу Рахметоллақызы.
2007 жылы 7 түлек білім алып, Отанымыздың игілігіне атқаруға өмірлік жолдама алды. Сынып жетекшісі, сызу, технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, іс жүргізуші Косыбаева Толеу Рахметоллақызы.
2007 жылы жаңадан ашылған қазақ мектебінде 1 сыныпқа 25 оқушы қабылданды. Сол сыныптың сынып жетекшісі - Шакаргалиева Зауреш Рымханқызы. Қазіргі таңда мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызметін атқаруда. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай білім мекемелері арасындағы облыстық ән байқауында З.Шакаргалиева "Жеке дауысты вокал" аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
2009-2010 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі иегері» Сағатова Наршын Бейсенқызы.
Тезекбаева Қымбат ұлттық бірыңғай тестілеуде 104 ұпаймен өтті.
Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан демекші, №3 Успен орта мектебінің тарихында 2014 жылы біздің мектептен алғашқы зейнеткерлікке шыққалы отырған 10 жылдан аса уақыт қазақ мектебіне еңбегі сіңген математика пәнінің мұғалімі - Жұмадиров Төлеген Қайыржанұлы 1951 жылы Павлодар облысының Успен ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, туған жерінде аудандық мектепте ұстаздық қызметке кіріседі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп, білім саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан осындай ұстаздан білім алу өскелең ұрпақ үшін үлкен мақтаныш. Қалтқысыз еңбегің үшін «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен, аудандық маслихаттың, облыстық және аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. Қазақ мектебінің ең алғашқы зейнеткер ұстазы.
2011 жылдан бастап Жүнісова Мәкен Тотанайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келе жатқан, жоғары санатты, тәжірибелі мұғалім. Білімнің сапалы болуын қамтамасыз ету үшін міндетті деңгейдің толық, жүйелі болуына баса назар аударатын ұстаз. Ал шығармашылық қабілетті, ойлау және сөйлеу, белсендіру әрекеттерін көздеп үлгілеу, модуль толтыру, құрастыру, салыстырмалы кесте жасау, зерделеп дәлелдеу сипатындағы эвристикалық жұмыс түрлерін орындатады. Осы жылдар ішінде мұғалімнің дарынды оқушылар мен жұмыс жүргізуде қол жеткізген табыстары аз емес. Атап айтқанда, республикалық КИО олимпиадасында Ақылбекова Малика (9А сынып оқушысы) 2 дәрежелі дипломға ие болды. Облыстың «Елбасы оқуларында» Ибраев Алихан (6А сынып оқушысы) 3 орын алса, ал Феримхан Архалық аудандық «Махамбет оқулары», «Мұқағали оқулары», «Иса Байзақов оқуларының» жеңімпазы. "Ақырын жүріп, анық бас" деп Абай атамыз айтқандай, өз ісінің шебері Толеу Рахметовна Косыбаеваның бойынан ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді таба аласың. Шеберді ісінен танисың, демекші оқушылары айтарлықтай көптеген жетістіктерге жеткізді. Атап айтатын болсақ, сәндік – қолданбалы өнер сайыстарында аудандық ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет» атты техникалық- шығармашылық көрмесінде белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталса, жыл сайын Наурыз мерекесінде оқушылардың қолөнері бойынша жүлделі орындарға ие болуда. Сол сияқты әр мерекеге арналған аудандық, облыстық сурет сайыстарына оқушыларды қатыстырып, бірнеше сертификаттар және дипломдармен марапатталды. Атап өтетін болсақ, «Астана: Елорданың 15 сәті» облыстық балалар көркем-сурет конкурсының жеңімпаздары 6 сыныптан -Кулумбаева Дамира, Жангазинова Дильназ және облыстық «Солнечный поэт Павлодара» атты балалар жазушысы Е.Игнатовскаяның өлеңдеріне арналған сурет сайысының қатысушылары: 5 сыныптан – Мейрамбекова Айлина, 6 сыныптан - Назымбек Мадияр, Жангазинова Дильназ, 9 сыныптан –Шарипов Ерлан. 8 сыныптан – Тоқтарова Айдана, 9 сыныптан – Ақылбекова Малика, Аленова Танзиля, Бақтыбекова Ұлжан, Иманкулова Айнагүл, Махаббат Ақмарал т.б. оқушылар – қолөнер шеберлері. Сонымен қатар ұстаздың да жетістіктері аз емес. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу құрметіне орай білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Өткен замандардың түңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы-кітапханашылар. Алдағы уақытта да жұмыстарының сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде көрініп келген кітапханашы Қатпанова Бақыт Рахметқызы 2000 жылдан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейін қызметін атқарып келді.

Сүлейменова Гүлия Мейрамқызы 2003 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Май ауданынан бастап, 2002 жылдан Успен ауданында бастауыш сынып мұғалімі ретінде жалғастыруда. Білім беру саласында 16 жыл еңбек етіп келеді. Санаты бірінші. №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде 12 жыл жұмыс істеуде. Он екі жыл ішінде үш тілек қатарын шығарды. Гулия Мейрамқызының оқушылары аудандық, облыстық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері баршылық. Аудандық олимпиадада 2010-2011 оқу жылы қазақ тілі пәнінен I-ші орын екі оқушы алды. «Золотое руно» халықаралық дистанциондық интеллектуалдық марафонында С. Анафияева III орын, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналында үш оқушының шығармалары басылып, номинация алып, дипломдармен марапатталды. Мұғалімнің баспасөз басылымында да мақалалары жарық көруде. Атап айтсақ, республикалық «Бастауыш мектеп» журналында бір ашық сабақ үлгісі жарияланды. «Жаз-2011» сауықтыру орталығының жетекші ретінде жұмысты нәтижелі ұйымдастырғаны үшін аудан көлемінде гран-при иегері атанып, «Үлгілі жетекші» номинациясына ие болды. 2011 жылы Успен ауданың білім саласын дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда қосқан үлесі үшін Успен аудандық маслихаттың алғыс хатымен, жас өспірімдердің жазғы демалысын, денсаулықтарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жұмысы үшін Павлодар облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды. Успен ауданы бойынша мұғалімдер арасындағы «Жыл мұғалімі-2011» сайысының бас жүлдегері. 2013-2014 оқу жылында «Ақбота» интеллектуалдық марафонында М.Жантөре, А.Кабиева III-ші орын иегерлері. 2014 жылы бірінші лигадағы бастауыш сынып оқушылары арасындағы математикалық турнирдің жүлдегері, аудан құрама командының атынан Б Ибраев III-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Кенгуру-математика барлығы үшін» халықаралық ойын-сайысында О.Сабабаев III-ші орын иегері атанды.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеп келе жатқан Мукашева Бибігүл Съездовна жоғары білімді, 1 санатты мұғалім. Екі жыл бойы «Ең үздік мұғалім» атағына ие болып, облыстық сайысқа жолдама алды. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы, демекші 2 жыл бойы оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық интеллектуалдық сайыстарға, пәнаралық олимпиада, қашықтық сайыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, халықаралық «Кот ученый» атты қашықтық сайысында 5 сыныптан Мейрамбекова Айлина, 6 сыныптан Жангазинова Дильназ, 7 сыныптан Серіктай Меруерт, 9 сыныптан Акылбекова Малика қатысқаны үшін сертификатқа ие болса, ал мұғалімнің өзі II орынға ие болды. Сонымен қатар «Я – энциклопедия» атты халықаралық олимпиадасында орыс тілі пәнінен 5 сынып оқушысы Мейрамбекова Айлина II орынға иеленсе, орыс әдебиетінен – 8 сынып оқушысы Қуандық Жақсылық I орынды жеңіп алды. Ал бес оқушы III орын жеңімпаздары атанды. Республикалық КИО олимпиадасында ІІІ орынға ие болған оқушылар - 6 сынып оқушысы Жангазинова Дильназ бен 9 сынып оқушысы Бақтыбекова Алтынгүл. «Солнечный поэт Павлодара» атты облыстық бейнетаспа сайысында 7 сынып оқушысы Смагулова Лаура және 9 с ынып оқушысы Аленова Танзиля І орынға ие болды. Асанов Ербулат Сапшевич осы мектептің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады. 2013-2014 оқу жылында оқушылары "Новый урок" атты халықаралық сайысында жүлделі орындарға 14 оқушы ие болды.
Садуова Назира Мусаевна институтты 2011 жылы аяқтап, «Дипломмен ауылға» атты бағдарлама бойынша жаппай бөлініс арқылы Успен ауданы, Успен ауылы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебіне жұмысқа жіберілді. Осы мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаруда. Өз жұмысына жауапкершілікпен, ізденімпаздығымен көзге түсіп жүрген Назира Мусаевна халықаралық, республикалық жетістіктерге қол жеткізіп жүрген ұстаз ретінде мақтанышпен атауға болады. 2013 жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Ал 2014 жылы Қазақстан Интернет Олимпиадасында пән мұғалімдері арасында физика пәні бойынша «Үздік нәтиже» сертификатына ие болды. Сонымен қатар сол жылы «Я энциклопедия» атты халықаралық сайыста физика пәнінен 5 оқушысы I орын иегері атанды. Білім кемесінде шәкірттерімізге тыңғылықты біліммен сусындатумен бірге ағалық кеңестері жас балалардың бойына ер азаматтық мінез-құлыққа баулуы қазіргі таңда өте бағалы іс. Осындай мінезімен көзге түсіп жүрген әріптестеріміздің бірі биология пәнінің мұғалімі Камилов Аманкелді. Мектебімізге 2010 жылдың қыркүйек айында жұмысқа орналасты. Осы жылдан бастап аянбай еңбек етуде. Еңбегінің нәтижесін шәкірттерінің жетістіктерінен байқауға болады. Атап айтсақ, 2010-2012 оқу жыларында түлектері биология пәні бойынша 100 пайыз көрсеткішке жетті. Сонымен қатар ұстаздың өз еңбегі 2013 жылы Павлодар облысының білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен аталып өтті. Мектеп бойынша ұстаздар арасынан ҚР біліктілігін арттыру бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімерді оқыту курсын жақсы аяқтады. Міне, осындай нәтижелермен еңбек жолын ары қарай жалғастыруда. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей заман талабына сай оқушыларға ағылшын тілін үйретін жүрген ұстаз Бақсұлтан Гүлжанды мақтанышпен айта аламыз. 2013 жылы мамыр айында халықаралық "Бридж Бульдок" интеллектуалдық сайысында 3 сынып оқушысы Жантөре Мериман І орын иегері атанды. Сол сияқты Алматы қаласында 2013 жылы қараша айында өткен республикалық "Золотой пингвин" атты ағылшын тілінен мәнерлеп оқу сайысында 8 сынып оқушысы Тоқтарова Айдана дипломмен, ал 6А сынып оқушылары Феримхан Архалық пен Жангазинова Дильназ деген оқушылар сертификатпен оралды. Жас болса да терең ойлайтын, өз елі үшін жанын беруге дайын, намысшыл қыздардың бірі Бақсұлтан Гүлжан өз жетістіктерімен көзге түсіп жүрген ұстаздардың бірі. Аудандық мұғалімдердің арасында өткен пән олимпиадасында ІІІ орын, республикалық сайысқа оқушыларды дайындағаны үшін сертификатқа және аудан әкімінің ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, адал еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлес үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай ұстаздардың бірі география пәнінің мұғалімі, әрі аға тәлімгер Тауасканова Венера Сергеевна жоғарғы білімді ұстаз, 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тәмәмдаған соң Успен ауданының №3 УЖОББМ де осы уақытқа дейін қызметін атқарып келе жатыр. Аз уақыт ішінде жеткен жетістіктері де аз емес. Павлодар облыстық брейн-ринг жарысында ІІ орын, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымдарын ашуды ұйымдастырғаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен, облыстық «Үздік Ұланбасы-2014» сайысында ІІІ орынға және жас тілшілер облыстық фестивальге қатысқаны үшін «Мектеп тынысы» газеті марапатқа ие болды.
Сатыбалдинов Ерлан Айтмухамедович №3 Успен жалпы орта білім беру мектебіне 2012 жылы келді. Ол «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен келді.Өзінің ұстаздық шеберліктерінің нәтижесінде оқушылардың тарихқа деген қызығушылығы артта түсуде.Сонымен оқушылары аудандық, облыстық және КИО-на қатысып отырады. Осының нәтижесінде 2012 жылы - Аудандық Қазақстан тарихы пәнінің олимпиадасының 9 сынып оқушысы Султанбаев Султан 2 орын иегері, 2013 жылы - Аудандық Қазақстан тарихы пәнінің олимпиадасының 9 сынып оқушысы Акылбекова Малика 3 орын иегері. 2014 жылы-Облыстық XIV Сәтбаев оқуларында II дәрежелі диплом иегері 6А сынып оқушысы Бақтыбекова Ұлжан, 6А сынып оқушысы Жангазинова Дильназ. 2013 жылы -«Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін» Успен ауданының білім бөлімінің Алғыс хаты. 2013 жылы - Аудандық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының 3 орын иегері. 2013 жылы -«Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін» Аудан әкімінің мадақтамасы. 2013 жылы - Аудандық «Жыл мұғалімі -2013» сайысының 2 орын иегері. 2014 жылы - Аудандық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының 3 орын иегері. Мұқаева Назгул Қалиайдарқызы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын 2013 жылы бітіргеннен кейін сол жоғары оқу орны «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жіберген жолдамамен Павлодар облысы Успен ауданының №3 Успен жалпы орта білім беру мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметіне орналасады. Сол жылы алғашқы еңбек жолын аталмыш білім ордасында бастайды. Қызығы мен қиындығы мол ұстаздық мамандығы туралы бір – ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жан- тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан ұстаздарымыздың еңбегі ұшан-теңіз. Осы жолды таңдаған жас маманымыз Назгүл Қалиайдарқызы , жұмысты жаңа ғана бастағанына қарамастан, жас та болса мектепішілік, аудандық, облыстық шараларға белсене қатысып келеді. Оқушылары да, өзі де көптеген сайыстарға қатысып жақсы нәтижелер көрсетуде. Атап айтсақ, аудандық пән мұғалімдері арасында өткен олимпиададан III орын, Семей, Павлодар қалаларында өткен ғылыми - тәжірибелік конференцияларға қатысып сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар оқушыларды «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» атты сайыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды. Мектепішілік «Абай оқуларынан» 5- сынып оқушысы Нығмет Айтолқын І орынды жеңіп алып, аудандық Абай оқуларынан алғыс хатпен марапатталды. Мектепішілік Махамбет оқуларынан 5-сыныптан Бахытбекқызы Фарида, Қаржаубаев Жасұлан алғыс хаттар алды.
Назгүл Қалиайдарқызы өз алдына үлкен мақсаттар қойған ұстаздардың бірі. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп, егемен Қазақстанымыздың келешегі болар білімді жастарды көбейтіп, Қазақстанның жарқын болашағында ғылым мен білімнің дамуына өз үлесін қосып жүрген жас маман. Арынгазинова Азиза - ХХІІІ облыстық қысқы
Спартакиада бағдарламасы шеңберінде аудандар арасында шаңғы эстафетасынан ІІІ орын иегері. Мектеп белсенділері: Таласпаев Ади, Дәулетқызы Әдия, Феримхан Архалық, Бердімұрат Елік, Бердімұрат Салтанат, Ибраев Алихан, Бердімұрат Марат, Темербекова Гүлмира.
Көп жылдан бері №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде шәкірттерімізге аянбай білім беру жолында жүрген қадірлі әріптесіміз Баубеков Талғат Ғабдылұлын мақтанышпен айта аламыз. Өмір жолын ұстаздыққа арнаған үлкен жүректі адамның бірі Талғат Ғабдұлұлы осы мектепте жеті жылдан астам уақыт технология пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді. Жастар –жарқын болашақтың кепілі, ал сол жастарды еңбексүйгіштік пен ұлттық дәстүр, қолөнер негізінде тәрбиелеу қажет. Он саусағынан өнер тамған Талғат Ғабдылұлынан бірден байқауға болады. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерін, ақыл-парасаттылығын, шаруақорлығын мектеп ұжымы жақсы біледі. Халқымыз ардақ тұтқан ұстаздар қатарында зор беделге ие болған әріптесіміз аталмыш білім ұясында аянбай еңбек етіп, өз жұмысына тиянақты, өзгенін жұмысына уақытпен санаспай қол ұшын беріп, бар күш-жігерін салып жүрген Талғат Ғабдылұлы.