2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше101
Апта111
Ай348
Барлық күндері107395

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

     21 қаңтарда Елордадағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, һакім Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы рәсімі өтті. Салтанатты кешке ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланған болатын. Осы мақала аясында барлық оқу орындарында Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін мәнерлеп оқу және мазмұндау бойынша  ашық сабақтар мен тақырыптық шығарма байқаулары өткізіледі. Республиканың барлық аймақтарында оқушылар үшін «Абай жеріне саяхат» атты Абай жерлеріне экскурсиялық турлар қарастырылған. Жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар, Абай оқулары, симпозиумдар, поэтикалық және әдеби фестивальдер, поэзия кештері, Абай өлеңдерін үздік оқу, әндерін орындау және шығармашылығын білу бойынша семинарлар мен конкурстар жоспарлануда.
Осыған орай Успен ауданның №3 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залында 3-10 сынып оқушыларына «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты жиналыс өткізілді. Жиында сөз сөйлеген  мектеп директоры Жумабекова Бибигуль Шайкенқызы оқушыларға Абай ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мағлұматтар беріп өтті. Ал тарих мұғалімі Сатыбалдинов Ерлан Айтмухаммедұлы Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздерінің тарихын әңгімеледі, сонымен қоса бейнефильмдер көрсетілді.

IMG 20200121 113258