2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін6
Кеше63
Апта281
Ай157
Барлық күндері107204

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Еліміздің болашағы жастардың қолында!

Қазан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Асыл мұра» облыстық байқауы өз бастамасын алды. Константинов ЖОББМ-ң Александр Нечупаев, Руслан Халаман, Эльвина Идирисова, Сабина Мукушева, Анна Куликова мен Марина Шремзер сияқты оқушылары қатысты.

Бірінші сырттай кезеңнің тапсырмасы «Елімнің болашағы» атты бейнеролик пен таныстырылым құрастыру болды. Балалар таныстырылымды құрастырып, жеңіске деген үмітпен байқауға жіберді. Біздің жұмысымыздың қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, келесі кезеңге өткеніміз туралы хабар қуанышқа бөледі.

Екінші кезең іштей болды, әрі команда таныстырылымы, «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық жарысы, ұлттық ойындар фестивалі және капитандарға арналған үштілді «25 жылдан кейінгі Қазақстаным» атты бірнеше тапсырмалардан құралды.

Бірінші кезеңдегі жеңісіміздің лебімен екініші кезеңге де нұқият дайындалдық. Үмітіміз ақталды. Мектебіміздің командасы 1-ші орынға ие болды. Қуанышқа бөленген сәттерімізді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Бірінші болу – ғажап!

Асыға күткен марапаттау 7 желтоқсанда Павлодар қаласының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында балалар бірлестіктерінің «Еліміздің болашағы жастардың қолында» атты VIII облыстық Құрылтайда өтті. Мерекеге облысымыздың белсенділері жиналды. Тамаша концертті Оқушылар сарайының жас таланттары сыйлады. Билер, әндер, шатты күлкі мен жаңа достарды табу қаншалықты көңіл сыйлап, есімізде сақталатын болды.

Бұндай мерекені ұйымдастырушыларға жылы лебізіміз бен алғысымызды білдіреміз. Қатысушыларға оңтайлы жағдайлар жасалған. Ешбір алаңдық жоқ. Барлығы анық әрі айқын. Дайындықтар мен киінуге де арнайы бөлмелер бөлінген. Біздің бұл алғаш шығуымыз тамаша әсер сыйлады. Алғысымызды білдіреміз!!!

Оқушылар сарайының ұйымдастырушыларына, әдіскерлері мен жетекшілеріне осындай тамаша жобаны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды айтамыз. Бұл байқауға қатысуымызға қол ұшын бергенгендерге де ризамыз! Ол Жумабекова Алуа Манарбекқызы тұлғасындағы Успен ауданының Білім бөлімі және мектеп директорымыз Жапарханова Кулянда Бекбулатқызы.Балалар өздерін бақытты сезінді. Рахмет!