2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін36
Кеше63
Апта311
Ай187
Барлық күндері107234

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Кітап мерейтойы

 

Кітаптар бізді сонау балалық шағымызда қарсы алып, өмір бойы бізбен бірге жүреді. Алайда, жазушының нақты даусын есту үшін кітап оқуды үйрену қажет. «Көп оқыған, көп тоқиды» деген бар. Ол әбден дұрыс айтылған. Себебі кітаптар бізді қоршаған ортаны танып білуімізге көп көмегін береді.

Сәуір айының басында еліміздің барлық балалары «Кітап мерейтойын» атап өтеді. Бұл мереке мектептерде, кітапханалар мен мәдениет үйлерінде апталап өтеді.

Біздің мектебімізде де апта бойы кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, көңілді көріністер ұйымдастырылып, сүйікті кітап кейіпкерлері қонаққа келіп отырды. Балалар әдеби викториналарға, интеллектуалдық ойындар мен байқауларға қатысты.

4-сынып оқушылары «Ертегілер галактикасында» болып қайтты. Онда оларды «Кітапханалық», «Танымдық», «Тарихи» және «Кітаби» атты планеталар қарсы алды.

Балалар викторина сұрақтарына қызыға жауап берді, қызықты ойындар ойнап, кітапханадағы сөздіктермен танысты.

1,3-ші сынып оқушылары сөзжұмбақтар, кітап туралы мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан құралған әдеби викторина ойнады.

Аптаның жабылуында 2-сынып оқушылары барлық оқушыларға арнап ертегі кейіпкерлері сабын құрды. Қонаққа Алиса түлкі мен Базилио атты мысық, Қызыл телпекті қыз бен Қасқыр, Аю мен Машенька да келді. Балалар бұл кейіпкерлердің қай ертегіден келгенін тауып алып, ертегілердің авторларын атап өтті.

Кітап – көңілді балалық шақ еліне саяхат. Адам – кітапты және оны оқуды жақсы көретін адам – бақытты адам.