2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше72
Апта363
Ай1595
Барлық күндері106876

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас мамандар отбасы баспаналы болды

   

   Лозов ауылында 2017 жылғы 29 қарашада жаңа бой көтерген үйдің салтанатты түрде кілті табысталды. Жаңа үйдің «Президент күні» мерекесі қарсаңында салынып, пайдалануға берілді. Жаңа үй жаңа технологияларды қолдану арқылы салынған. Замануи терезелер, кең бөлмелер, жаңа жылыту жүйесі, санитарлық жағдай – барлығы да сапалы әрі мықты жасалған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мектепке жұмысқа келген жаңа шаңырақ көтерген жас мамандар, ағылшын тілі мұғалімдері - Нияз Рашидұлы Кәрімге және Меруерт Юрьевна Букуроваға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл қуанышты оқиғаға келген құрметті қонақтар және әріптестері «Шашу» дәстүрімен жалғастырып, құттықтау тілектерімен сыйлықтарды ұсынды.

   Салтанатты шараға Успен аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпова, аудандық мәслихат хатшысы Р.Қ. Бечелова, Лозов ауылдық округінің әкімі Б.Қ. Баймулдинов және тұрғындар қатысты. Жаңа қоныс тойына жиналғандар жылы лебіздерін білдірді. Жылы жайлы үйде бақытты ғұмыр кешуді, жұмыста табыстарға жетуді тіледі.

1