Материалдар
Абай оқулары
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, мектепішілік «Абай оқулары» 1-11 сынып оқушылары арасында өтті. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымыздың басты екі номинациясы болды. 1 номинация – «Мәнерлеп оқу» 2 номинация – «Жатқа оқу» Оқушылар белсенді қатысып, Абайдың түрлі шығармаларына көз ашты. Ең кішкентайыннан бастап, үлкендерге дейін Абай шығармаларын өз сезімдерін ашып оқыды. 2 номинация бойынша жүлдегерлер анықталып, мадақтамалармен марапатталды.