Акция «Болашақты біз бірге жасаймыз!»
ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасы бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы қолға алынбақ.
2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізіледі.
Успен ауданында 2016 жылғы тамыздын 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында
"Мектепке жол" жалпы республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
"Мектепке жол" республикалық акциясын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдама
Мектеп жәрмеңкесі
2016 жылдың 19 тамызында Успен ауылының орталық алаңында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында мектеп жәрменкесі өткізілді.
Аталмыш іс-шараға ЖК «Олжа», ЖК «Латун», ЖК «Нуралинов» белсенді қатысты. Бүгінгі күні 164 оқушы жалпы сомасы 1642,0 мың.теңге көлемінде материалдық көмек алды, оның ішінде 147 оқушы жаппай оқыту қоры есебінен, ал 17-сі 118,9 мың.теңгеге бюджеттен тыс көмек көрсетілді. Балаларға кеңсе тауарлары, аяқ киім және киім кешек алынды.
Шараға қатысқан өте белсенді меценаттарды атап өткіміз келеді: - Казахтелеком – 24,8 мың.теңге; - Досуг центр – 16,4 мың.теңге; - Успен Ауыз Су – 10,0 мың.теңге.