8 наурыз
8-ші наурыз күні – айналада көктемжылуымен шынайы қуанышсезілетін ерекше күн. Бұл күні мектебіміздің сұлу да көрікті қыздарымыз бен әйел мұғалімдерімізді құттықтаймыз.
Ер балалар жыл сайын өз алдарына «Әйел-мұғалімдер бұл күнді естерінде қалдыруы үшін не істеуге болады екен?» деген сұраққояды.
Ал қыздар мен ұлдар болса, кез келген шараны көңілді ұйымдастыра алады! Таңертеңнен мектеп табалдырығын аттаған әр әйел-мұғаліме көктем гүлдерін сыйлап, көктем мерекесімен шынайы құттықтады. Бұл күні барлық сұлу жанды нәзіктеріміз назардан тыс қалған емес. Дәстүр бойынша сабақтардан кейін ұлдар мұғалімдерге, аналар мен қыздарға мерекелік концерт өткізді. Мерекелік шараның басында мектеп директоры Жапарханова К.Б. барлықәйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, денсаулық пен барлық жақсылықты тіледі. Ұлдар қызықты құттықтаулар айтып, әндерін орындап, өлеңдер оқыды. 6-шы сынып оқушыларының «Кішкентай аққулар биі» көрермендер көңілінен шығып, көтеріңкі көңіл септі.