Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше28
Апта257
Ай955
Барлық күндері124431

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Ағымдағы жылы бірінші сыныпқа қабылдау

Ағымдағы жылы бірінші сыныпқа қабылдау 6 және 7 жастан жүргізіледі (ата-ананың қалауы бойынша). Сондай-ақ ата-аналардың өтінішіне сәйкес бірінші сыныпқа күнтізбелік жылдың аяғына дейін толық 6 жасқа толған балалар қабылдануы керек.

Мектепке 6 жастан бастап қабылдау тәртібі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.

Мектеп әкімшілігі ата-аналардан бұдан басқа құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Қаулыда балалардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету нормасы сақталған.

Осында бала ата-анасының және басқа да заңды өкілдерінің немесе білім алушының кез келген білім беру ұйымынан білім алу үшін таңдау құқығы бірінші рет көзделген.

Осыған байланысты өңірлік білім беру ұйымдары, әсіресе Астана және Алматы қалаларында және мектеп әкімшіліктері ата-аналардың қалауы мен мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, балаларды қабылдауда барынша жағдай жасауы қажет.

Біз барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары басшыларының балаларды мектепке оқуға ұйымдасқан түрде қабылдауға, балаларды оқуға, әсіресе бірінші сыныпқа қабылдаудағы әртүрлі жағымсыз жағдайлар мен фактілерді жоюдағы жауапкершілігін күшейту қажеттігіне назар аударамыз.