«Тілдарын»
2019 жылғы 18 қыркүйекте үш тілдің меңгерілуін насиxаттау және қолдау мақсатында Успен аудандық *Тілдарын* конкурсында Константинов ЖОББМ 1-орынға иеленді. Оқушылар *Тұсаукесер*, *Ұлттаным*, *Шабыт жұлдызы* сынды тапсырмалар кезеңінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз білімдерін жан-жақты көрсете білді.
«Денсаулық жәшігі»
2019ж.02.09-06.09 аралығында Константинов ЖОББМ-нде Денсаулық апталығы өтті.
Денсаулық аптасы жалпымектептік саптан басталып, балалар назарына іс-шаралар жоспары туралы толық мәлімет берілді. Мектеп ішінде «Денсаулық жәшігі» орнатылса, кітапханада «Тәні саудың – жаны сау» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Үздік мектеп
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Константинов ЖОББМ "Үздік мектеп" номинациясымен марапатталды. Аудан әкімі ақшалай сертификат табыстады
Фестивальдары өтуде
2019ж.02.09-30.09 аралығында мектептерде тілдер апталығы, онкүндіктер, айлықтары мен фестивальдары өтуде.
Әрине, біздің де мектебіміз тыс қалған емес. Мектеп жиынында тілдер айлығы ашылып, алдағы іс-шаралар жоспары жарияланды
2019 жылғы 1 маусымнан
2019 жылғы 1 маусымнан бастап 2019 жылғы 30 тамызға дейін 1 және 10- сыныптарға оқушылар қабылданады.
1- сыныпқа келесідей құжаттар қажет:
- 1.Туу туралы куәліктің көшірмесі
- 2.3х4 фотосуреті (2 дана)
- 3.Ата-аналар өтініші
- 4.026/у-3 нысанындағы медициналық анықтама
- 5.063-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат
10-сыныпқа келесідей құжаттар қажет:
- 1.Жеке куәлік көшірмесі (туу туралы куәліктің көшірмесі)
- 2.Оқушының өтініші
- 3.9-сыныпты аяқтау туралы аттестат
- 4.3х4 фотосуреті (2 дана)
- 5.026/у-3 нысанындағы медициналық анықтама
Мектеп әкімшілігі