1 мая
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл қазақстандықтар үшін ерекше күн. Біздің еліміз – түрлі этникалық топтар мен ұлттар бейбіт тұратын көпұлтты шаңырақ. Осыдан да бұл күні өзге ұлт өкілдеріне жылы сезімді көрсетіп білдіру де маңызды.
А.К.Жұбановтың 115-жылдығына арналған тақырыптық стенд
А.К.Жұбановтың 115-жылдығына арналған тақырыптық стенд
Қазақстанның музыка мәдениетінің атақты қайраткері Ахмет Жұбанов – еліміздің мақтанышы. Оның есімі жазба дәстүрдегі қазақ кәсіби музыканың дамуы және өркендеуімен тығыз байланысты. Оның замандастары арасында таланты жағынан теңдесі баршылық, алайда осынша алуан қырлы дарындыны атап көрсету оңай емес.
Бұйрығына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында
Құрметті пайдаланушылар!
Сіздерге 2021-2022 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 24 маусымдағы №264 бұйрығына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты Mektep SmartNation порталында өтініштерді қабылдау 1 сәуір күні, таңғы 9-да басталады. Құжаттарды сәтті тапсыруды және өздеріңізді қызықтыратын білім беру ұйымынан өз орындарыңызды алуларыңызды тілейміз!
«Чернобыль: 35 жылдан соң...»
«Чернобыль: 35 жылдан соң...»
1986 жылдың 26 сәуірінде әлем Чернобыль АЭС энергоблок жарылысынан сілкінді. Радиация шаңы бүкіл жер шарын төседі. 3678 елді мекен ластанды. Онда 2,2 миллион адам тұрған. Кей елді мекендер мүлдем жойылды, себебі адамдар кетіп қалған. Чернобыль зардабы заманауи өркениетті, халықтардың бір–біріне тәуелді болуын көрсетті.
Қазақ халқы рухани қазынаға бай. Оның дәлелі – халық дәстүрлері.
Қазақ халқы рухани қазынаға бай. Оның дәлелі – халық дәстүрлері.
Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Ұлыстың ұлы күні» онкүндігі шеңберінде мектебімізде арнайы іс-шаралар өтті. Әр күн белгіленген салт-дәстүрге арналды.
«Ұлыстың ұлы күні» онкүндігінің алғашқы күні көрісуге арналды. Қазақтың ұлттық киімдерін киген мұғалімдер таңертең әр оқушыны жылы қарлсы алып, Қазақстандағы сәлемдесу рәсімін көрсетті. Кездесу барысында сәлемдесіп, амандықты сұрау басты ғұрыптардың бірі болып табылады. Мұнда тек сәлемдесіп қана қоймай, үй-ішінің, мал-жанның да амандығын сұрасады. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан ұмытылмас салты.