2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін8
Кеше28
Апта248
Ай946
Барлық күндері124422

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Успен ауданы мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.

 

   Успен ауданының мектептеріне Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің ұсыныстары берілді. Барлық 19 мектептерінде онкүндікті өткізу жөнінде жоспар құрылып және бекітілді. Онкүндік ағымдағы жылдың 2- 13 ақпан аралығында жүргізілді. Онкүндікті ашылу рәсімі салтанатты түрде ағымдағы жылдың 2 ақпанда барлық мектептерінде салтанатты линейкамен ашылды. Сонда балаларды онкүндіктің іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Барлық мектептерінде кітапханашылардың көмегімен «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Мейірімділік – асыл қасиет!» және «Жүректен жүрекке...» адамгершілік науқаны жүргізілді. Барлық күндері қызықты шарамен толы болатын. Науқанында мектеп оқушылары мен мұғалімдері және ата- аналары белсене қатысты. Қаратай, Успен №1, 2, 3, Павлов, Лозов, Қозыкеткен, Ольгин мектептерінде «Алтын жүректі ана», «Сердце, наполненное любовью» өлеңді мәнерлеп оқу конкурсы және шығармашылық сайысы тамаша өтті. Шығармашылық сайыста балалар ана туралы, мейірімділік пен сыйластық туралы өлеңдер шығарды. 1-4 сынып аралығында «Добро в нас», 5-6 сынып аралығында «Как прекрасен этот мир!», «Жылы жүрек». 5-8 сынып аралығында «Вместе – Мы Сила!» спорттық ойындар өткізілді. 10 ақпан күндерінде барлық мектептерінде бірінші сабақ «Мейірімділік- асыл қасиет» тақырыбында 7-8 сыныптарда, 3-4 сыныптарында «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбы бойынша сынып сабақтары өткізілді. «Ана, мейірімділік, бейбітшілік, достық» тақырыбына балалардың шығармашылық жұмыстары, суреттер, открыткалар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Онкүндіктің соңында сынып сағаттары мен жабылуында «Сара Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығы»көрме фильм көрсетілді. «Екі жұлдыз» әндер сайысы өтілді. Ұстаздар мен оқушылар қоса арасындағы әндер сайысына оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Онкүндік қорытында ән-күй фестивалі өтті. Фестивалінде онкүндіктің қорытындылары шығарылды белсене қатысқан қатысушыларды мадақтама қағаздары мен алғысхатпен салтанатты түрде марапатталды.

 

1 2
1 2
1 2