Білім қызметкерлерінің кеңесі
"Өзара іс-әрекет мәселесі бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қылмыстық қол сұғудан және отбасындағы сәтсіздіктің алдын алу" тақырыбындағы бірлескен іс-шаралар жоспары аясында 2017 жылдың 9 ақпан күні №3 Успен ЖОББМ-ң қабырғасында аудандық білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Іс-шараға Успен ауданының ІІБ ЖПҚ басшысы Б.Н. Қарабаев, КТБ-ң аға инстпекторы А.С. Аралбаев, Успен ауданының прокуроры Е.Ж. Нұрғали, аудандық орталық аурухананың психологі Е.В. Жежеря қатысты.
Оқушылардың интернет кеңістігінде (күмәнді әлеуметтік желілер мен топтар, қауіпті компьютерлік ойындар), ата-аналардың интернет-ресурстарды бақылауы, балалардың ата-аналармен, оқушылардың педагогтармен өзара қарым-қатынасы, білім беру мекемелерінде жағымды психологиялық орта жасау бойынша сұрақтар талқыланды.