Успен ауданында өткен «Анамның күлкісі» апталығы
Успен ауданының білім беру мекемелерінде 28 ақпаннан бастап 7 наурыз аралығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анамның күлкісі» апталығы өткізілді.
Апталық аясында келесі аудандық іс-шаралар: «Сенен қымбат жан жоқ» шығармалар конкурсы, «Стоп-кадр: Анамның күлкісі» фотоконкурсы, «Анаға сыйлық» жасанды бұйымдар көрмесі, «Ең спортшы отбасы» спорттық отбасылық эстафеталар ұйымдастырылды және өткізілді.
Апталық соңында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығы және аудан оқушылары ұйымдастырған аудан әйелдеріне арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты. Мерекелік концертке педагогика саласының ардагерлері, аудан мұғалімдері, аналар мен әжелер шақырылды.
Балалар сахна төрінен өздерінің өнерлерін көрермендерге арнады: ана туралы әндер орындады, өлең жолдарын оқыды, би билеп, аналарына және мұғалімдеріне жүрек жарды тілектерін зор сүйіспеншілікпен жеткізді.
Көтеріңкі көңіл - күй сыйлаған мерекеде сыйлықтар мен гүлдер тарту етілді. Бақыт нұрына толы ананың көз жасы және күлімсіреген жүзі адамзат үшін ең қымбат қазына екені сөзсіз.