Аудандық тоғыз құмалақ жарысы
2017 жылдың 14 наурызында № 3 Успен орта мектебінде мектеп оқушыларының 26-шы аудандық жазғы спартакиадасы есебіне тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 50 оқушы қамтылуымен ауданның 10 мектебі шеберлігін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесі тәртіпте анықталды: жүлделі үшінші орынды Павлов ОМ, құрамы: Уалигазинов Б., Капсамат Б., Бондарь А., Головченко К., Мускенова К., (жаттықтырушы Г.К. Аусагитов); екінші орынды Лозов ОМ, құрамы: Нурмухамбетов Т., Алимов М., Жакажанова А., Жакажанова Ж., Нурмухамбетова Ж., (жаттықтырушы Слесаренко О.А.); ал бірінші орынды №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі ОМ иеленді, құрамы: Садвакасов Н., Ибраев А., Кусайын А., Бакытбеккызы Ф., Бакытбеккызы Е., (жаттықтырушы Курманалинов М.Б.).
Жүлделі орындар иеленген командалар «Қайсар» БЖДТК грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.