Наурыз мейрамы қарсаңындағы аудандық «Дәстүр шежіресі» атты қашықтық викторина
2017 жылғы 15 наурыз күні білім беру мекемелерінің 5 – 8 сынып оқушылары арасында Наурыз мейрамы қарсаңында аудандық «Дәстүр шежіресі» атты қашықтық викторина өткізілді.
Викторина жалпы 30 сұрақтан тұрды, оның ішінде 1 дұрыс жауапты талап ететін 20 сұрақ және жабық тест түріндегі 10 сұрақтан құралды. Барлық сұрақтар мемлекеттік және орыс тілінде болды. Бағалау арнайы 10 баллдық жүйе арқылы жасалды.
Онлайн викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – №3 Успен ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жұмадір Әйгерім;
ІI орын – Дмитриев НЖББМ 5 сынып оқушысы Дейч Регина;
ІІI орын – Вознесен ЖОББМ 7 сынып оқушылары Фишер Артем, Ярошенко Александр, Панфилова Елена.
Успен ауданның білім беру бөлімі барлық жеңімпаздарды құттықтай отыра, қашықтық викторина қатысушыларына шығармашылық табыс тілейді.