Әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы
Қазақстандық патриотизм және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу, қазақстандық жауынгердің келбетін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 17 сәуірінде №2 Успен ЖОББ мектебінің базасында әскери - қолданбалы спорт түрі бойынша «Жас ұлан» аудандық жарысы өткізілді. Жарысқа ауданның жеті мектебінен қатысушылар саны 56 адам қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар 7 деңгейден тұратын сайысқа түсті: саптық дайындық, атыс дайындығы, АК-74 қаруын жартылай шашу және жинау, оқшантайды оқтау, турникке тартылу, тосын сый, әскерилендірілген кросс. Жарыстың қорытындылары бойынша жүлделі орындар: 3 орынды Галицк ЖОББ мектебі, 2 орынды №2 Успен ЖОББ мектебі, ал №3 Успен ЖОББ мектебі жарыс жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздар облыстық деңгейде өтетін жарысқа Успен ауданы атынан қатысатын болады.